Ескен Елубаевтың өлеңі
Күрік болып сұр тауық,
Басып шықты балапан
Көріп қалам бір ауық,
Оларды мен даладан.
Балапандар үрпілдек,
Бұлтың - бұлтың жүгірген.
Ұстап алып біртіндеп,
Сипар ма едім түгінен.
Қанша екен –
Санаймын,
Санаймын да жаңылам.
Алыс тұрып қараймын,
Жүре алмаймын маңынан.
Сипар едім мамығын,
Ұстап тұрып қолыма.
Бірақ күрік тауығың
Жолатпайды жанына
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл орта мектебі
Маханұлы Қуаныш
Мұғалімі: Мендигазиева Гүлжихан
Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері