Тәуелсіздік - қазақтың сан ғасырлық арманы
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының тарихын түсіндіру, халқы үшін, жері үшін құрбан болған батырлардың ерлігін дәріптеу, оқушыларды елін, туған жерін, халқын сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Желтоқсан желі , Желтоқсан туралы слайд , суреттер.
Барысы.
Әнұран орындалады.
Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Тәуелсіздік - қазақтың сан ғасырлық арманы атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін бір дүниені дүр сілкіндірген, Тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың 16 - желтоқсанына арналған Тәуелсіздік - қазақтың сан ғасырлық арманы атты тәрбие сағатымызды бастаймыз. Желтоқсанның ызғарындағы боздақтардың рухын еске алып бір сәт үнсіздік жариялаймыз.......
2 - жүргізуші: Желтоқсан бастауы – ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың белгісі.
1 - жүргізуші: 1986 жылдың желтоқсанындағы оқиғаға 26 жыл толыпты. Ол ендігі жерде қазақ халқының қасіреті де, қасиеті де жетерлік тарихына айналды.
2 - жүргізуші: Тарих - бұрмалап бопсаласаң шырылдап жылайтын, обал сауабы өте ауыр ақиқат.
1 - жүргізуші: Әлемді дүр сілкіндірген 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы қазақ жерінде ұлттық сана - сезімін өз халқының намысын, ар - абройымен байланыстырылған жаңа буын өсіп шыққанын көрсетті.
1 - оқушы.
Желтоқсан айы естесің
Дауыл боп бұрқап ескенсің
Азаттық күйі қашаннан
Көкейін елдің тескенсің
6ә Айдана2 - оқушы.
Шектеліп ана тіліміз,
Оқылмай өлең - жырымыз,
Жабылып жатса мектептер,
Жадырар қалай күйіміз?
3 - оқушы.
Тарылып жатса даламыз,
Қайтып біз тыныс аламыз?
Қақымыз жоқ айтуға,
Әділет қайдан табамыз?
4 - оқушы.
Бұрқ етті қазақ баласы,
Кеудеде өршіп наласы
Алаңға қарай ағылды
Таусылып барлық шарасы.
Жібердік еркін ат басын
Қиянат жанға батқансын.
Тоқырау тауын күйреттік,
Деп Теңдік күні батпасын