Как ваше имя

Скачать

№ 1 Сұқбат
- Жасұлан, сен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өз құқықтарың мен міндеттеріңді білесің бе?
- Әрине, Қазақстан Республикасының әр азаматы өзінің жеке басы бостандығына,
өзінің құқықтары мен бостандығын қорғауға, конкурстық негізде жоғары білім алуға, қызмет пен кәсіп түрін таңдауға, сондай - ақ өзінің денсаулығын сақтауға толық құқығы бар.
- Өз құқықтарыңды жақсы біледі екенсің. Сондай - ақ құқықтармен қатар міндеттер де бар емес пе?
- Әрине, міндеттерім де аз емес. Ең бастысы туған жерімнің табиғи, рухани байлықтарын сақтауға,
рәміздерін құрметтеуге, орта білім алуға міндеттімін ғой.
- Сен мұның бәрін қайдан білесің?
- Жақында ғана Мемлекеттік құқықтан емтихан тапсырған болатынмын.
- Ә - ә, солай де. Олай болса, Қазақстан Республикасының Конституциясы қанша баптан тұратынын да білетін шығарсың?
- Біздің Ата заңымыз 9 бөлімнен, 98 баптан, әр бап өз ішінде бірнеше тармақтан тұрады.
Жаңағы мен айтып өткен азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы мәселелер Конституцияның Адам және азамат деген бөлімінде қарастырылған.

- Жасулан, ты как гражданин Республики Казахстан знаешь ли свои права и обязанности?
- Конечно, каждый гражданин Республики Казахстан имеет право на личную свободу,
на защиту своих прав и свободы, на получение на конкурсной основе бесплатного высшего образования, на свободный выбор рода деятельности и профессии, также на охрану здоровья.
- Ты оказывается очень хорошо знаешь свои права. Но также есть и обязанности, не так ли?
- Конечно, и обязанностей не мало. Самое главное я обязан сохранять исторические и культурные наследия родной земли,
уважать государственные символы, получить среднее образование.
- Откуда ты все это знаешь?
- Недавно сдавал экзамен по Государственному праву .
- А - а, так. Тогда наверное знаешь сколько статьей в Конституции?
- Наша Конституция состоит из 9 разделов, 98 статьей, каждая статья имеет несколько пунктов.
Права и обязанности граждан, которые я только что сказал, рассматриваются в разделе Человек и гражданин .

№2 Сұқбат

- Сәлеметсіз бе, менің атым – Асқар. Сіздің атыңыз кім болады?
- Менің атым – Ақнұр.
- О - о, есіміңіз өте әдемі екен. Сіз қай жақтан келдіңіз?
- Мен Тараз қаласынан келдім.
- А - а, Тараз қаласы – тарихы тереңде жатқан Қазақстанның ежелгі қалаларының бірі ғой.
- Иә, қаламыз бұрын Әулие Ата , Жамбыл деп аталған. Қала маңында Қарахан мазары , Айша бибі күмбезі сияқты сәулет өнері ескерткіштері бар.
Тараз қаласы 2002 жылы өзінің 2000 жылдығын атап өтті. Ал өзіңіз қай жерден боласыз?
- Мен – Шығыс - Қазақстаннанмын. Өскемен қаласынан келдім.
- А - а, ұлы Абай, Шәкәрім аталарымыздың туған өлкесінен екенсіз ғой. Өскемен қаласы да Қазақстанның ірі қалаларының бірі ғой.
- Иә, Өскемен қаласы Ертіс өзенінің жағасында орналасқан.

- Здравствуйте, меня зовут Аскар. Как ваше имя?
- Меня зовут – Акнур.
- О - о, какое красивое имя. Вы откуда приехали?
- Я приехала из города Тараз.
- А - а, город Тараз – один из древних городов Казахстана, имеющий древнюю историю.
- Да, наш город раньше назывался Аулие Ата , Джамбул . Недалеко от города есть архитектурные памятники, такие как мавзолей Карахана, Айша биби.
В 2002 году город Тараз отметил свою 2000 летие. А вы сами откуда?
- Я с Восточного - Казахстана, приехал из города Усть - Каменогорск.
- А - а, вы оказывается с родного края великих поэтов Абая, Шакарима. Город Усть - Каменогорск тоже один из крупных городов Казахстана.
- Да, город Усть - Каменогорск находится на берегу реки Иртыш.

Павлодар қаласы
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Картабаева Динара Гиззатовна


Скачать


zharar.kz