Жарылу қаупі бар өндірісті жарылыс болған жағдайда қоршаған ортаға залал келмейтін жерлерге орналастыру

Скачать

Пән атауы: Еңбекті қорғау және өнеркәсіп экологиясы негіздері
Сабақтың тақырыбы: Кәсіпорындардың жарылыс және өрт қауіпсіздігі
Сабақтың мақсаты: Техниканың, технологияның, өндіріс және еңбекті ұйымдастыруды дамытудың заманауи деңгейіне тиісті еңбекті нормалау өндірістік қуатты оңтайлы пайдалануын үйрену.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу
б) Оқушыларды түгендеу
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың типі: дәстүрлі
Құрал – жабдықтар: дәптер, сызғыш, қарындаш.

Жаңа сабақтың қысқаша мазмұны:

Жарылыстар – бұл қысқа уақыт аралығында шектеулі көлемде энергияның үлкен санының босауы. Ол қысымы өте жоғары қатты ысыған газдың пайда болуына алып келеді, аяқ асты кеңейген жағдайда қоршаған денеге соққылық, механикалық әсер етеді. Жарылыс қатты ортада төңірегін бұзып, ұсақтайды, ауа мен судың жойқын әсердегі ауалық немесе гидравликалық соққы толқындарын құрайды.
Жарылу қаупі бар объектілерге қорғаныс, мұнай өндіруші және ұқсатушы, мұнай – химия, газ, химия, тоқыма объектілер, нан өнімдері мен дәрі – дәрмек өнеркәсібі, жылдам тұтанатын және жанатын сұйықтар, сұйытылатын газ қоймалары жатады.
Кәсіпорында ауаның, бензиннің, табиғи газдың буынан, қант және ағаш шаңынан және т. б. жинақталуынан пайда болған ауа қоспасы жарылысын болдырмау үшін, бірінші кезекте ықтимал от шығу көздерін жояды және кәсіпорындарды қорғауға бағытталған шараларды жүргізеді, олардың негізгілері мыналар:
● Жарылыс кезінде ең жоғарғы қысымға тең жүктемені көтеруге қабілетті берік қоршауды, құрылғыларды жобалау;
● Жарылу қауіпі бар аймақтарда оттегі құрамы қажетті жанудан аз болатын инертті ортаны, берік қабырғалар мен жарылу қауіпі бар аймақты оқшауландыру;
● Жарылу қаупі бар өндірісті жарылыс болған жағдайда қоршаған ортаға залал келмейтін жерлерге орналастыру;
● Жарылыс кезінде пайда болған қысымы н шығару үшін арнайы сақтандырғыш клапандарын орнату;
● Жарылысты жаншу (жарылу қаупі бар қоспаны тұтана бастаған кезде алғашқы сәтте баяу көтерілетіндігін ескере отыра арнайы датчиктер дабылы бойынша жалынның таралуын шектейтін қондырғы қосылады);
Жарылыс және өрт шығу қауіпі бар объектілердегі авария салдарын әлсіретуге, өртке қарсы шараларды өз уақытында өткізу ықпал етеді, олар өрт ошақтарын жоюды немесе пайда болуын қиындатуды ғана емес, сондай – ақ пайда болған жалын мен өртті жедел жоюды және өртенген ғимараттағы адамды, мүлікті құтқаруды қамтамасыз етуге тиіс.

Жалпы ережелер
1. Өрт қауіпсіздігі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) халықтың өмірі мен денсаулығын, мүлікті, қоршаған ортаны қорғау мақсатында меншік нысанына қарамастан жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың қолдануына және орындауына арналған.

2. Осы Қағидалардың ережелерімен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысымен бекітілген Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар техникалық регламенті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 16 қаулысымен бекітілген Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар техникалық регламенті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 796 қаулысымен бекітілген Ғимараттарды, үй - жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру және автоматты өрт дабылымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар техникалық регламенті және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 803 қаулысымен бекітілген Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік белгілеріне қойылатын талаптар техникалық регламенті (бұдан әрі – Өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттер) басшылыққа алынуы тиіс.

3. Осы Қағидалар азаматтық авиация объектілері үшін, ормандарда және энергетикалық (энергия шығаратын және энергия беретін) объектілерде қолданылмайды, олар үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

4. Жұмыскерлер тек өртке қарсы нұсқаулықтан өткеннен кейін ғана жұмыс істеуге жіберіледі, ал жұмыстың ерекшелігі өзгергенде ықтимал өрттердің алдын алу және оларды сөндіру бойынша қосымша оқудан өтеді. Өртке қарсы нұсқаулықтан өтетін мамандықтар (лауазымдар) тізбесін, тәртібі мен мерзімдерін, өрт - техникалық минимум бойынша өртке қарсы нұсқаулық пен сабақтарды өтудің тақырыптық және оқу жоспарларын өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) белгілейді.

5. Өрттен қорғау жүйелері мен құралдарын өшірумен байланысты жұмыстарды жоспарлаған жағдайда, сондай - ақ ұйымның теңгеріміндегі немесе оның аумағындағы жолдар мен кіреберістердің жай - күйінің өзгергені туралы объектілердің иелері жергілікті өртке қарсы қызмет органдарына жұмысты жүргізу мерзімдері, өзгеріс сипаты туралы алдын ала ақпаратты қамтитын хатпен хабарлауы қажет. Жұмыстың авариялық сипаты болғанда хабарлама үш тәулік ішінде жүргізіледі. Тиісті жерлерде жолдарды жабу кезінде айналып өту бағытын нұсқағыштар орнатылуы немесе жолдың жөнделетін учаскелері арқылы өтпелер немесе өту жолдары салынады.

6. Ұйымдар мен елді мекендердің аумақтарын, ғимараттарды, құрылыстар мен құрылымдарды, эвакуациялық жолдар мен шығу жолдарын ұстау тәртібі Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар техникалық регламентіне сәйкес анықталады.

Сабақты бекіту: Сабақты бекітіп оқушыларды бағалау. Үй тапсырмасын беру.
Қорытынды: Жарылыс туралы қосымша ақпарат әкелу.


Скачать


zharar.kz