Түлкі мен қоян халық ертегісі
Білім беру саласы: Таным
Білім бөлімі: Тіл дамыту
Мақсаты: ертегінің мазмұнын айтуға, дыбыстық талдау жасауға үйрету. ауызекі сөйлеулерін дамыту, сұраққа жауап беру қабілеттерін дамыту. Балаларды батырлыққа, өжеттілікке тәрбиелеу.
Билингвальды компонент\ Билингвалный компонент: түлкі – лиса, қоян – заяц, қасқыр – волк.
Сөздік жұмыс\ Словарная работа: айлакер.
Технологиялық қамтамасыз ету\ Технологическое обеспечение: үлестірмелі қима құралдары, жұмыс дәптері.
Мотивациялық қозғаушылық
Педагог жұмбақ жасырады:
1. Қырда жүрер ол жортып,
Іні де жоқ бармайтын.
Құйрығымен бұландап,
Қандай аң ол алдайтын?
2. Көзі тостақ, өзі қорқақ.
- Дұрыс айтасыңдар, түлкі – айлакер аң, ал қоян – қорқақ аң.
- Балалар түлкіні жыртқыш аң десек, ал қоян жыртқыш аң емес.
- Қоян – өте қорқақ аң, қоянды үйде де асырауға болады.
Ұйымдастырушылық ізденістік
- Қазір осы қоян мен түлкі туралы орыс халқының ертегісімен танысамыз.
Педагог мәнерлеп оқиды: Түлкі мен қоян ертегісі.
Педагог:
- Ертегі сендерге ұнады ма?
- Ертегіде нелер туралы айтылған?
- Ерте заманда түлкінің құйрығы қандай болыпты?
- Түлкі қасқырмен тату тұрмаған соң не істеген?
- Бір күні не болыпты?
- Түлкі қалай құтылып кетіпті?
- Әлден соң ағаш арасына кірген түлкі нені көреді?
- Сол жерде қоян өзін ұстап алған түлкіге не депті?
- Иә балалар, содан бері түлкінің құйрығы ұзын болыпты, ал қоянның құйрығы қысқа болып қалыпты.
Педагог балалардан ертегінің мазмұнын сұрайды.
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы - қырлы жерлермен
Ытқып - ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
- Енді ертегідегі Түлкі сөзіне дыбыстық талдау жасайық.
- Түлкі сөзі неше буыннан тұрады?
- Неше дауысты дыбыс бар?
- Дауысты дыбыстарды қандай түспен белгілейміз?
- Ал дауыссыз дыбысты қандай түспен?
Буынды жалғастыр дидактикалық ойыны:
Ойын шарты: педагог аң аттарының бірінші буынын ғана айтады, балалар соңғы буынын тауып, толық атын айтады. Мысалы: түл -..., қас -..., кө -..., мыр -..., жол -...-....
Дәптермен жұмыс: дәптердегі №5 тапсырмасы бойынша орындалады.
Жеке жұмыс жүргізеді.
Түл - кі сөзі екі буыннан тұрады.
- екі дауысты дыбыс бар
- дауысты дыбысты қызыл түспен белгілейміз (қызыл қиындыны көрсетеді).
- Түл - кі, қо - ян, қас - қыр, кө - жек, мыр - шай, жол - ба - рыс.
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы
Умарова Самал Калижановна