Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Ц дыбысы
Сабақтың мақсаты:
1. Ц дыбысының дауыссыз екендігін айтып, оның айтылу артикуляциясымен таныстыру.
2. Ц дыбысы қазақтың төл сөздерінде кездеспейтінін байқату.
3. Ц дыбысы бар сөздердің мағынасын түсіндіріп, дұрыс айтуға және жазуға дағдыландыру.
Дамытушылығы: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін және ынтасын арттырып, білім сапасын арттыру.
Тәрбиелігі: Өздігінен жұмыс істеуге баулу, ойын тұжырымдауға, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, түсінгенімен қорытынды шығара білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, талдау, салыстыру, ойын..
Көрнекілігі: Суреттер, слайдтар, үлестірмелі қағаздар, сөзжұмбақ, мультимедиа.
Сабақтың жүрісі: 1 Ұйымдастыру. Оқушыларды жинақтау, сабаққа назар аудару
І - жиын
І. Психологиялық әзірлік
Мектеп - кеме, білім - теңіз,
Барар жерге тез жетеміз,
Адаспаймыз ұлы жолда
Ұстаз берген білім ойда.
2. Үй тапсырмасын пысықтау
Біз қазақ тілінен қандай бөлімді оқып жатыр едік?
- Дыбыс - Бұл саланы зерттейтін тіл білімінің қай саласы?
- Фонетика.
- Біз қандай дыбыстарды өттік?
- Э; В; Ф; Ч; Щ - дыбыстары.
- Қандай дыбыстар байырғы сөздерде кездеспейді?
- Э; В; Ф; Ч - орыс тілінен енген сөздерде барлық буындарда кездеседі.
11 - жаттығу Ребус
3. Жаңа сабақ: Ц - қатаң, тіс дауыссыз дыбысымен танысамыз.
Ой шақыру: Жұмбақ шеш.
Көкқұтанша ақ айдында.
Бір аяқпен тұрады.
Тұмсығымен ол мұнда,
Шыр айналып шығады.
- Циркуль.- сурет
Циркуль – оқу құралы (затты көрсету)
- Циркуль сөзі қандай дыбыстан басталған?
- Ц дыбысы
Біз бүгінгі сабақта Ц дыбысын өтеміз.
Мағынаны тану.
Ц дыбысын айту.
Ц – тіл алды, қатаң дауыссыз дыбыс
Ц дыбысы Қазақ тілінің төл сөздерінің құрамында кездеспейді.
Орыс тілінен енген сөздермен, терминдерге тән.
Ц – қатаң дауыссыз дыбысты белгілейтін әріп.
Слайд - Ц дыбысы бар сөздерді есіңде сақта!
Ц - дыбысы бар сөздерді есіңе сақта
Цех, Мотоцикл, Концерт, Цифр
Ц дыбысы. Ол сөздің барлық буынында кездеседі.
Мысалы: А) цех, мотоцикл, концерт, цифр. көрнекілікпен жұмыс.
4. Оқулықпен жұмыс
1 - жаттығу Сөзжұмбақты шешу
1. Ата заң - Конституция
2. Өлшем бірлігі - центнер
3. Сахнадағы ән, би кеші - концерт
4. Санның таңбасы - цифр
5. Көлік түрі - мотоцикл
6. Оқу құралы - циркуль
7. Ойын көрсетілетін орын - цирк
5. Тақтамен жұмыс
2 - жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып. сөйлемдерді көшіріп жаз.
Ц әрпі бар сөздерге дыбыстық талдау жасау.
Циркке, цемент, центнер, мотоцикл.
6. Дәптермен жұмыс
3 - жаттығу Өлеңді оқып жатқа жаз. Мағынасын түсіндір 11 - слайд
Цементке, расында,
Целофан қап жарамас.
Центнерлеп тасуда
Цистернадай бола алмас.
7. Сергіту сәті
Сиқырлы телефон - ойыны
4 - жаттығу. Мәтінді оқып, не туралы екенін анықта
Мәтінге ат қой.
Мәтін неше бөліктен тұрады? Әр бөлікте не туралы айтылған.
5 - жаттығу. Ребусты шеш
Ц емен от шешуі Цемент
Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құрау
8. Қорытынды
Кім тапқыр? ойыны.
(Суреттерге назар аударып, атауында ц дыбысы бар суреттерді көрсет)
Үйге тапсырма 7 - жаттығу
Бағалау. Мадақтау