Аудандарды салыстыр

Скачать

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Темірбаева Гүлмира Құлымжанқызы

Сабақтың тақырыбы: Аудан. Фигуралардың аудандарын салыстыру
Сабақтың міндеттері:
- Балаларды аудан ұғымымен таныстыру және аудандарды салыстырудың қарапайым әдістерін анықтау.
- Көбейту амалына байланысты есептерді шығару біліктілігін бекіту.
- Салыстыру, қатар қою, қорытынды жасау біліктілігін дамыту.

Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру сәті.
- Кәне, сабағымызды бір - бірімізге жақсылық тілеуден бастайық. Балалар, жүрек тұстарыңды ұстаңдар. Қолдарыңды кеуделеріңе қойыңдар. Қалай соғып тұрғанына құлақ түріңдер: дүрс - дүрс. Жүректеріңнің орнында мейірімді күннің бір бөлшегі тұр деп елестетіңдер. Оның жылы да жарқын сәулесі денелеріңе, қолдарың мен аяқтарыңа таралуда. Көптігі сондай, бойымызға сыятын емес. Келіңдер, аздаған жылу мен жарықты бір-бірімізге сыйлайық. Ал күлімсіреу арқылы бір - бірімізге жақсылықты да тілейік.

II. Өткен сабақты қорытындылау.
1. Ауызша санау.
- Естеріңде болсын, ауызша санаусыз,
Кез келген жұмыс алға баспайды.
- Чебурашка қонаққа келді. Ол хайуанаттар бағының жанында отырып, билет сатуда, билеттерде нөмірдің орнына санды өрнектер жазылған. Әр билеттің нөмірін біліңдер. Қалай есептегендеріңді түсіндіріңдер.
1) 5 * 3
2) 2 * 2
3) 4 * 2
4) 6 * 2
5) 7 * 3
6) 5 * 4
7) 33 + 250
2. Өрнек құрыңдар және оның мәнін әр түрлі тәсілмен табыңдар:
3 + 3 + 3 = 9
3 * 3 =9
3 * 2 = 6
2 + 2 + 2 = 6
2 * 3 =6
- Неше табақша көріп тұрсыңдар?
- Ондағы алмалар неше табақшадан?
- Шешудің қандай тәсілдерін айта аласыңдар?
- Ең қолайлы тәсіл қайсысы?
3. Жаңа материалды өтуге дайындау.
10см = ___ дм
2 м 5см = ____ см
2 ц 50 кг = _____ кг
3дм 2см = _____ 3дм 5см
3 м 2дм 5 см = ____ 32дм
- Сендер қандай шамалардың бірліктерімен жұмыс істедіңдер? (ұзындық, масса).

III. Жаңа материалды түсіндіру.
1. – Біз бүгін тағы бір шамамен танысамыз, оның аты – аудан. Бұл шама фигураның жазықтықтан алатын орнын білдіреді.
- Мен үстелдің ауданы оқулықтың ауданынан үлкенірек, дәптердің ауданы тақтаның ауданынан кішірек деп айта аламын. Мұны қалай дәлелдеуге болады?
- Өздерің мысал келтіріңдер.
2. Оқулықпен жұмыс №1
- Суретке қараңдар. Аудандарды салыстыр. Сұрақтарға жауап бер.
- Екінші фигураның үстіне толығымен қоюға болатын бір фигураның ауданы туралы не айтуға болады? Қорытынды жасаңдар. Оны оқулықтағы жауаппен салыстырыңдар.
- Аудандарды басқа тәсілмен салыстыруға да болады. 1 және 2 - суреттерде бірдей фигуралар нешеу екенін санаңдар. Аудандар туралы не айтуға болады?
- 2 - суреттегі екі фигураның аудандары тең деп айтуға бола ма? Неге?

IV. Материалды бастапқы бекіту.
1. №2, №3, №4 материалдар негізінде практикалық жұмыс.
2. Практикалық жұмысты жұптасып орындау.
Әрбір жұпқа геометриялық фигуралар беріледі:
- Бүгін геометриялық фигуралар сендерді нағыз сынақтан өткізбекші. Салыстырыңдар және бір - біріңе дәлелдеңдер: қай фигураның ауданы үлкенірек немесе кішірек? (Кейбір жұптарға бірдей фигураларды беру керек)

V. Сергіту сәті.
Көбелек тұрып ертемен,
Күлімсіреп керілді.
Бір – шықпен бетін жуынды,
Екі – шыр айналып бұрылды,
Үш – еңкейіп жерге жетті,
Төрт дегенде ұшып кетті.
VI. Өтілген материалды қайталау.
1. №6 теңдеуді шешу.
2. Есептерді шығару.
а) №5 есептің қысқаша шарты.
б) Шығармашылық тапсырманы орындау.
жауабы:

в) Өз бетінше жұмыс №9.
- Алтыбұрыштың периметрін есепте. Сендерге қандай тәсілмен шешкен қолайлы? Неге?
2 + 2 + 2 + 2 + 2 + 2 = 12 (см)
2 * 6 =12 (см)
VII. Сабақты қорытындылау.
- Сабақта қандай көңіл күймен жұмыс істедіңдер?
- Қандай жаңа білім алдыңдар?
- Егер сабақ ұнаса, көңілді күнді алыңдар, оның бізге жылу сылағанын ұмытпаңдар. Ал егер көңілсіз болсаңдар – көңілсіз күнді алыңдар.
- Жақсы жұмыс істегендерің үшін және бір - бірімізге қуаныш сыйлағанымыз үшін рахмет!
VIII. Үйге тапсырма: №7, №8(2), №11.


Скачать


zharar.kz