Астыңғы ерінді тістеп тұрып өлең айтқызу

Скачать

Тақырыбы: Шын ниетпен және іңкәр сезіммен.
Түрі: психологиялық тренинг
Мақсаты: шынайы сүйіспеншілікке, адамның ерекше қасиеттерін қадірлей білуге үйрету.

Өтілу барысы.
Оқушылар айнала шеңбер жасап тұрып бір - бірлеріне жылы сөздерді қатыстыра отырып, амандасады. Амандасып болған соң орындыққа жайғасып ерекше ән айту тренинг ойынын ойнайды.

Ерекше ән айту.
Бұл ойынның мақсаты: топ мүшелерін ынтымақтастыққа тәрбиелеу, көңіл күйді көтеру. Әнді қалай дұрыс айту керектігін бәрі де біледі. Бірақ бұл кейбір кезде қызық болмай шығады. Балалар білетін бір өлең шумағын аламыз. Мысалы Туған жер . Балаларды топқа бөліп:
Мұрнын қолымен қысып өлең айтқызу;
Аузына ауа жинап алып өлең айтқызу;
Астыңғы ерінді тістеп тұрып өлең айтқызу;
Екі тістің ортасына қаламсап қойып өлең айтқызу т. б.

Сиям егіздері.
Бұл ойын қатысушылардың босаңсуына, көңіл - күйлерін көтеруге бағытталған.
Ертеректе Тайландта егіз балалар туылады: Чанг пен Энг. олардың денелері бір, аяқ қолдары бір - біреуден екен. Сиям егіздері болған қиын. Бұны өздерің де байқап көруге болады.
Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Әр топта бір қыз, бір ұл баладан. Екі бала құшақтасып тұрады. Екеуінің бір қолы мен бір аяғы ғана бос тұрады. Ойында тек қана бос қолдармен жұмыс жасауы керек.
Ойын шарты:
Жіпті инеге өткізу керек;
Балауызды оттықпен жағу керек;
Қайшы арқылы картон қағаздан дөңгелек қию керек;
Аяқ киімнің бауын байлау керек т. б.

Шатасып кеткен сөйлемдер.
Мақсаты: әрбір қатысушы оқушының білімділік деңгейін айқындау. топ мүшелерін ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Сөйлем мағыналы шығу үшін ондағы сөз тіркестерін қатарымен дұрыс орналастыру керек. Егер сөздер қатарымен дұрыс орналаспаса сөйлем мағынасын жоғалтады.
Сөздер өз бетінше ойнаймыз деп өз орындарын ұмытып, араласып әрқайсысы әр жерге тұрып қалды. Балалар, сендер сөйлемге көмектесіп жібересіңдер ме? Олай болса сөздерді өз орнына қойып орналастыру қажет. Мәселен, мына сөздер:
Чемодан, ойнап, алды, үй, бала, кішкене, кәмпит, жүріп, жақта, бір, тауып;
Алды, түсті, теледидар, ескі, ата, түрлі, жөндетіп;
Туған, арман, компот, берді, анасы, бір, қызының, тостақ, күніне, үлкен;
Мысықтар, отырды, отырып, көріп, жайлы, әже, фильм, жұмсақ, жиһазда, теледидардан;
Қыз, пілді, түсінде, кішкене, мұрны, көреді, үлкен, қызғылт.
Назар аударатын жайт, бұл ойында қосымша сөздер пайдалануға болмайды және сөздерді қалдыруға болмайды. Сөйлем дұрыс гығу үшін сөйлем соңын ғана өзгертуге болады.
Тренинг ойындарын өткізгеннен кейін талдау жасаймыз: Қазір өзімізді қалай сезінеміз? Біз шеңберге тұрғанға дейін және тапсырманы орындаған соң не өзгерді? Енді не сезінудеміз? Ойыннан қандай әсер алдыңыздар? Көңілдеріңіз көтерілді ме? т.б.
Ойынға қатысқанымыз үшін бір - бірімізге жылы лебіздерімізді білдіріп, қол соғып қоямыз!


Скачать


zharar.kz