Қышқылдар ауылы

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстар кластарын қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін тексеру, пысықтау, тиянақтау.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру, бағыт - бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс жасай білуге үйрету, химия дағдысын нығайту.
Тәрбиелік: Химия ұғымының сабақтастығын қалыптастыру, еңбекке баулу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, есептеу, ойын, жұмбақ шешу.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика.
Көрнекілігі: презентация, периодтық жүйе.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:(оқушыларды түгелдеу, топқа бөлу)
II. Негізгі бөлімі:
1. Оксидтер ауылы
2. Негіздер ауылы
3. Қышқылдар ауылы
4. Тұздар ауылы
5. Біліміңді сынап көр! (есеп)
6. Сергіту сәті (жұмбақты шешу)
7. Семантикалық карта(сәйкестерін табу)
8. Шытырман - сөзжұмбақ
9. Кім көп біледі? - тест
ІІІ. Қорытынды.

II. Негізгі бөлім.
1. Оксидтер еліне саяхат
1. Оксидтер дегеніміз не?- екі элементтен құралып, бірі оттек болып келетін күрделі заттар.
2. Оксидтер қалай жіктеледі?- негіздік, екідайлы, қышқылдық.
3. Жану реакциясы дегеніміз не?- реакция кезінде жылу бөлініп, жарық шығады,
ондай реакцияларды жану реакциясы деп атайды.
4. Тотығу реакциясы дегеніміз не?- заттардың оттекпен әрекеттесуі.
5. Шөлдегенде шөл қандыратын оксид?- су (Н2O)
6. Оксидтердің агрегаттық күйі?

2. Негіздер еліне саяхат
1. Негіздер дегеніміз не?- құрамына бір немесе бірнеше гидроксотоптармен қатар металл атомы кіретін күрделі заттар.
2. Негіздер қалай жіктеледі?- суда еритін және суда ерімейтін.
3. Бейтараптану реакциясы дегеніміз не?- тұз және су түзе жүретін қышқыл мен негіз арасындағы реакция.

3. Қышқылдар еліне саяхат.
1. Қышқылдар дегеніміз не?- құрамында металл атомдарымен орын ауыстыруға бейім сутек атомдарынан және қышқыл қалдықтарынан тұратын күрделі заттар.
2. Қышқылдар қалай жіктеледі?- оттекті, оттексіз
3. Металдардың элекрт химиялық кернеу қатарын кім ашты?- Н. Н. Бекетов.
4. Қышқылдар металдармен әрекеттесіп, нәтижесінде тұз+сутек=түзіледі.
5. Индикатор дегеніміз не?- қышқыл ерітінділерде түсін өзгертетін заттарды айтамыз.
6. Қышқыл мен сілтілермен жұмыс істеген кезде қандай ережелер сақтау керек?- белгісіз қышқылдың дәмін көруге болмайды, ол ауыз қуысын, тамақты күйдіруі мүмкін.

4. Тұздар еліне саяхат.
1. Тұздар дегеніміз не?- металл атомдарынан және қышқыл қалдықтарынан тұратын күрделі заттар.
2. Олардың жіктелуі?- орта, қышқылдық, негіздік,

5. Біліміңді сынап көр! (есептер шығару )
Тағы келді сыналар шақ айналып,
Тереңіне білім теңіз байланып,
Кім шешеді сол сайыста ұтып тұр.
Есеп шешер кезегіде келіп тұр.
1. 200г 5% күкірт қышқылын 160г 4% калий гидроксидімен әрекеттестіргенде түзілетін тұздың массасын есепте.
2. 245г бертолле тұзын термиялық ыдыратқанда түзілетін оттектің көлемі (қ. ж.).
3. Массасы 84г Са(ОН) 2 бейтараптау үшін 85%- дық, тығыздығы 1, 46г мл азот қышқылынан қанша (мл) қажет?
4. Массасы 7, 4г Са(ОН) 2 бейтараптау үшін қанша моль азот қышқылы қажет?

6. Сергіту сәті (жұмбақтарды шешу)
Сырларым бар химикке болған аян,
Таба алсам сырларымды етем баян,

Жұмбақтар
1. Шыдасаң да алтын ассыз мүлде,
Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге.(су)
2. Су бетінде безектеп,
Металл натрий жүзеді.
Ең соңында жоқ болып,
Қандай қосылыс түзеді?(NaOH)
3. Ол болмаса асыңның дәмі кірмес,
Кім бар екен ортада оны білмес?(NaCI - ас тұзы)
4. Сыныптан шықпайды,
Тимесең жұқпайды,
Жәрдемінсіз бұл заттың,
Оқушы сабақ ұқпайды.(В - бор)
5. Тынысым, ырысым,
Ол жоқ жерде,
Жойылмақ жүрісім.(оттек)
6. Өсімдіктен аламын,
Өміріме нәр қыламын,
Бойыма ол сіңген соң,
Сыртқа оны шығарамын,(СО - көмірқышқыл газы)

7. Семантикалық карта (сәйкесін табу)
Ғажайып нәрсе химия,
Тұңғиық сыры әр алуан,
Жоғалып бір зат зым-зия,
Жаңарып бірі жаралған.
Оксидтер - K2O, MgO
Қышқылдар - HCI, H3PO4, HF, H2CO3
Негіздер - Ba(OH), NaOH
Тұздар - KNO3, CaCO3

8. Шытырман (элементтердің аттарын атап, сөзжұмбақ шешу)
Ғалымдар іздеп жаңалық,
Элемент ашты сан алып,
Олардың бәрін білеміз,
Тұр кестеде қамалып.

9. Кім көп біледі?
Тест (қорытындылау)
Химияны оқу парыз әркімге,
Оқиды оны барлық елде, әр тілде.
Химияның оқиық әр бөлімін,
Кездесер ол алдымыздан әр күнде.

III. Қорытынды:
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер,
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.


Скачать


zharar.kz