Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Баутин ауылы, Ақбота балабақшасының хореографы
Жағалбаева Нұрсулу Саматқызы
Жүргізуші: Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өнеріңнен бастау алар бар адам.
Ұрпақпенен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі.
Ән - шашу, әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
Ұстаз.... Қандай қасиетті сөз. Әр адамның жүрегіне ерекше бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз. Олай болса қадірлі ұстаздар, сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Бүгінгі Ұстаз – елдің жүрегі атты мерекелік шарамызды ашу үшін балабақша директоры Бердібаева Сания Ретханқызына сөз береміз.
Жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың бүгін тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін.
Ән: Бала тілегі Дүйсеғали Амина
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт беруде еңбегі зор.
Сағыныш сазы толқытқан,
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерің оқытқан
Келіп тұр жолдап сәлемін. – деп балаларымызды ортаға шақырамыз.
Мерейлім: Мұғалім ғазиз мұғалім,
Төгілген арай шуағым.
Арманым қонса қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын.
Мейіржан: Өлеңді де үйреткен,
Биді де әсем билеткен.
Мейірімді ұстазым,
Бас иемін құрметпен.
Жарас: Ән салғызып, билеткен,
Ылғи бізбен жүреді.
Тақпақты да үйретіп,
Ойнатады, күледі.