Сабақтың тақырыбы: Жүйке жасушасының маңызы, құрылысы, қызметі. Рефлекс, рефлекторлық доға (слайд)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жүйке жасушасының маңызы, құрылысы, қызметі және рефлекс, рефлекстік доға туралы түсінік беру
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, кеңейту, танымдық белсенділігін өз беттерінше жұмыс жасау, саралау және қорытынды жасау
дағдыларын дамыту
Тәрбиелік: Салауатты өмір сүруге,, денсаулықты күтуге, жеке бас гигиенасын сақтауға үйрету
Жүйке жүйесі организм қызметін реттеуде аса маңызды рол атқарады. Ол жасуша, ұлпа, мүше және мүшелер жүйесінің қызметін үйлестіріп отырады. Организмнің сыртқы ортамен байланысы жүйке жүйесі арқылы жүзеге асады. Жүйке жүйесі арқылы адамдар сөйлейді, сезеді, оқиды, есте сақтайды, ойлайды, қоршаған ортаны танып біледі, сонымен қатар оны өзгерте алады.
Жүйке жүйесі екіге бөлінеді:
1. Орталық ми мен жұлын
2. Шеткі жүйкелер мен жүйке түйіндері
Нейрондардың түрлері:
Нейронның денесі мен қысқа өсінділері ми мен жұлынның сұр затын құрайды, ал ұзын өсінділері ақ затын құрайды. Себебі ұзын өсінділердің сыртын май тәрізді ақ түсті зат қаптайды, оны миелин қабықшасы дейді. Нейрон импульстарды қысқа өсінділер арқылы алып ұзын өсінділер арқылы орталық жүйке жүйесіне береді. Одан орталық жүйке жүйке жүйесінен қозу синапс арқылы жұмыс жасайтын мүшеге беріледі.
Синапс дегеніміз - нейронның бұлшық ет талшықтарымен түйіскен жері. Жүйке синапсын - нейронның қысқа өсінділері түзіледі. Безді синапс. Синапс арқылы сигналдардың берілуі химиялық заттар - медиаторлар арқылы іске асады. Жүйке импулстарының жүру жылдамдығы 0, 5 - тен 120 м сек жылдамдықпен жүреді. Синапстар қоздырушы, екіншісі тежеуші. Синапстар зақымданатын болса нейрон қаншалықты қозады, ол жүйке жүйесіне берілмейді.