Қасым Аманжолов өлеңі
Құз
Қабағын түйіп құз тас тұр
Төңірегіне парық caп.
Шыңында шулап құстар жүр
Айнала ұшып шарықтап.
Кеудесі жалын қара бұлт
Келеді төніп аспаннан.
Алып қүз тас сұп - сұрғылт,
Жамылып шапан - боз тұман.
Шық моншақтап - шапшып тер,
Сорғалайд жасы жүзінде...
Сол құзды көр де - мені көр
Ойға бір шомған кезімде.
ШҚО Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
9 сынып оқушысы Рашитова Рашиля