Тақырыбы: Кітап – рухани сарқылмас қазына
Сабақтың мақсаты:
Кітап – сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылы - ғын арттыру. Оқулықтарды күтіп ұстауға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Кітап жайлы жазылған плакаттар, суреттер.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның әр бетін,- деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде - ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп өнеге мен тәрбие аламыз. Оқығаның, тоқығаның көп болса жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. Дана халқымыз Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады деп бекер айтпаса керек деп бүгінгі 1 А сынып оқушылары дайындаған Кітап - рухани сарқылмас қазына атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Нұрсұлтан:
Кітап - рухани азық. Кітап адамның дүниетанымын кеңейтеді. Біз кітап - пен күн сайын кездесеміз. Ертегі, әңгімелермен сыр шертетін кітаптар біздің ең жақын ақылшымыз.
Аяулым:
Кітап шығару үшін көптеген адамдар еңбек етеді. Біз кітапты қалай ұстауымыз қажет?
Елдар:
Кітапты жыртпай, кірлетпей, бүлдірмей таза ұстап, оқыған кезде мәнерлеп оқу керек.
Мұғалім: Балалар бүгін бізге қонаққа Кітап келіп отыр. Кітапты ортаға шақырайық.
Кітап: Балалар, мен білім көзі - Кітаппын. Мені жасау үшін көп адам еңбек сіңірді. Балалар кітап қайдан шығатынын білесіңдер ме?
Балалар: Ағаштан
Мұғалім: Кітап шығару үшін көп еңбек сіңіреміз. Кітап сен бізге қонақ болып, балалардың білімін тамашала.
Дилана:
Адамның досы кітап. өмір кілті,
Тең келмес оған жиған мүлкі.
Ақылшы жанға серік, жол бастаушы,
Асыл ғой қазынасы, өмір көркі.