Отбасындағы тәрбиенің маңызы

Скачать

Отбасындағы тәрбиенің маңызы.
Отбасы. Бала. Мектеп. Бір - бірінен ажырағысыз үш ұғым. Отбасы бар жерде бала бар, бала бар жерде мектеп бар. Мектеп пен ата - ананың міндеті әр балаға бақыт, қуаныш сыйлау.
Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын бала отбасында алады. Отбасы - әр бала үшін алтын бесік. Бала отбасы аясында түлеп өседі, оңы мен солын сонда таниды. Ол отбасы жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым - қатынаста болу сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді.

Бала – кішкентай күйсандық. Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады.
Отбасының балаға берері де, үйретері де өте көп. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің , Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер , дегендей бала кішкене кезінен бастап, өз ата - анасына еліктегіш, олар не істесе соны істеп, солардан үйренгісі, соларға ұқсағысы келіп тұрады. Ата - ананың басты міндеттерінің бірі баланы, әсіресе сәби кезінен ұқыптылыққа, жинақтылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Есі кіріп, тілі шыға бастасымен - ақ баланы шектен тыс шолжаңдатпай, байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн. Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады. Сондықтан ата - бабаларымыз өз ұрпағын адам, азамат деген атқа лайық етіп өсіруді мақсат еткен. Халық даналығында Баланы әуелі мейір - шапағатқа, онан соң ақыл парасатқа, ақырында еңбек пен ғылымға баулы - дейді.


Скачать


zharar.kz