Ботаника - өсімдіктер туралы ғылым

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Ботаника - өсімдіктер туралы ғылым. Жер бетінде өсімдіктердің көптүрлілігі
Сабақтың мақсаты: Өсімдіктердің түрлерін, шығу тегін, құрылысын, өсуі мен дамуын зерттейтін биологияның бір саласы – ботаника ғылымы туралы түсініктерін кеңейту. Сабақты өз бетінше іздену арқылы меңгерулеріне ықпал ету. Сыни ойлауларын дамыту, өз идеяларын дәлелдей алуларына ықпал ету.
Сабақтың міндеті: Тақырыптың түйінді идеясын анықтап, жаңа терминдерге мән бере отырып, мәселені бірлесіп шешуге баулу. Тәртіп пен ұқыптылыққа үйрету.
Күтілетін нәтиже: Өсімдіктердің түрлерін, шығу тегін, құрылысын, өсуі мен дамуын меңгереді. Ізденуге, тақырыпты өз бетінше түсінуге талпынуды үйренеді. Сыни ойлаулары қалыптасады, өз идеяларын дәлелдей алуға үйренеді.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: СТО, ОЖТ, ОүБ, ОБ, АКТ - ны пайдалану, ТжД оқушыны оқыту, көшбасшылық, жас ерекшелігіне байланысты оқыту. Блум таксономиясы.
Сабақ барысы:
Мұғалімнің іс – әрекеті
Оқушылармен сәлемдесіп, ортаға шеңбер бойымен тұруға шақырады. Бір - бірімен жағымды жаңалықтарымен бөлісе отырып, жақсы тілектер айтады. Тақтаға жапсырылған стикерлер арқылы үш топқа бөлінеді.
1. Шеңбер құрып тұрғанда өздеріңді қалай сезіндіңдер?
2. Сендерге жақсы тілектер айту н\се есту ұнады ма?
3. Жағымды жаңалықтар сендерге қалай әсер етті?

Мұғалім өсімдікке байланысты жұмбақтар жасырады:
1. Түскенде салқын күз,
Жинадық алтын тiс. (Жүгері)

Көктемде
Ақ гүлге оранады,
Күзде
Қолға доп боп оралады. (Алма)

Ортасында қазығы,
Бұтағында азығы.(Алма)

Желiлерi жайылып,
Жол - жол болып жатады.
Күн нұрына бой ұрып,
Жердің нәрiн татады,
Жасыл шатыр астында,
Кететіндей үзiлiп,
Тұр көп маржан тасындай,
Мойыл моншақ тiзiлiп.(Жүзiм)

Тiл үйірген дәмі бар,
Сары алтын түс – сәнi бар.
Шақсаң егер кептiрiп,
Сүйегiнiң дәнi бар,
Баққа тұрар сән берiп,
Алқа етіп тiзiп ал. (Өрiк)


Скачать


zharar.kz