Ана тілің - құралың

Скачать

Алматы облысы,
Талғар ауданы, Нұра ауылы,
№12 ЖЖБ мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Байдилдаева Макпал Шамгалиевна

Бастауыш сынып 1 - сынып
Әліппені дәріпте (сценарий)
Әлішер Жақсыбайдың әні орындалып тұрады. Ортаға оқушылар мен Әліппе билеп шығады. Оқушылар орындарына тұрады. Ән аяқталады.
Әліппе: - Қош келдіңіздер, ардақты ағайын!
Менің дәріптеу, есеп беру тойыма.
Жүргізуші - 1: - Бармысыздар, ардақты ұстаздар!
Жүргізуші - 2: - Бармысыздар, сүйікті біздің ата - аналар!
Ж - 1: - қадірменді қонақтар!
Ж - 2: - Аяулы аға - әпкелер!
Ж - 1: Жеміске құты тола ма,
Бір - бірлеп теріп алмасаң,
Әп - сәтте шаға қоя ма,
Еккен дәнің ойласаң?
Ж - 2: көлге айналған бұлақтың
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том - том болып кітаптың
Басы болар Әліппең
Әліппе:- Рахмет! Рахмет. Боталарым!
- Менің сендердің алдарыңда парызым өте жоғары. Ғылым, білім маған сеніп сауат ашудың, әріп танып, хат жазуды менің мойныма жүктегені рас. Сол үшін бар күшімді жан тәніммен 4 ай бойы сауат ашуға салдым.
Ж - 1: ия әліппе
Ж - 2: рас айтасыз.
Әліппе:- Мен үшін небір қиындық пен қызық бірге болды. Бір бала оқысам, білсем десе, бір бала ойнасам, күлсем, жүрсем деді. Енді бірі тіпті мені қолына да алғысы келмеді. Бірақ тер аз төгілмеді. Бәрін де жеңдім. Жеңіс менің жағымда болды.
Ж - 1: сөзіңіздің жаны бар, Әліппе. Біз оған куәміз.
Әліппе: - Сенсеңдер, ағайын, мен үйреткен бала әріп танып, хат жазуға, оқуға, ән айтуға, сурет салуға, әуелі есеп шығаруға да үйренді. Оған дәлел, бүгін, дәл осы жерде, көз алдарыңызда сіздерге менімен бірге менің шәкірт балаларым өнер, білімдерін көрсетеді.
Ж - 2: Қыр гүліндей жайнаймыз,
Ән сап, билеп ойнаймыз.
Бүгін бізде мереке,
Әліппе тойын тойлаймыз.
Ж - 1: Қане бері қарайық,
Зейін қойып тыңдайық.
Әріптермен танысу
Тақпақтарын бастайық.
Музыка ойналады.
Оқушылар әріптер туралы тақпақтарын айтады.
Әліппе: - әрбір әріптен айтылған сөз сырымды ұғып жүрсіңдер, мен үшін ол үлкен ғанибет.
Хор; Әліппе
Ж - 1: Әліппе бізді неге тәрбиеледі? Біз нені үйрендік?
Ж - 2: Біз тәртіпті, мәдениетті, ақылды болуды үйрендік.
Ж - 2: Ортада 1 Б сынып оқушылары тақпақтарымен
Ермұхаммед, Айдана, Ерсұлтан, Әмір, Ернұр, Айсара, Нұрдаулет, Құралай.
Ж - 1: Әліппе бізге ең алдымен нені танытты?
Ж - 2: Біз Отанды білдік. Отанымыз кең байтақ. Шалқар айдын көлі бар. Дарқан дала елі бар.
Әліппе; Келіңдер ендеше Отанды сүйе мақтайық.
Ж - 1: Ортаға Жасия бастаған топты шақырайық
Жасия, Төлеген, Бақдәулет, Айсара және Мансұр шығады. Отан туралы қара өлең оқылады.
Ж - 1: Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл - сәл кем бұра.
Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра - демекші, алдарыңызда Домбыра биі
Биге: Айшолпан - Бақдәулет, Аяжан - Ермұхаммед, Аймерей - Жандос, Құралай - Нұрдаулет шығады.
Әліппе: ризамын, нағыз Отанды сүйетін ұрпақ сендерсіңдер. Елбасы үш тілді үйрен, бәсекеге қабілетті елдің ұрпағы бол деп өсиет етті емес пе?
Ж - 1: қазір 21 ғасыр ғой. Ол басты мәселе.
Ж - 2: біз де ағылшын тілін қоса меңгеріп жүрміз. Қазір сіздерге дәлелдеп берейік:
- Кам он май френдс
Ағылшын тілінде қойылымға: Төлеген, Бекарыс, Жасия, Аяжан шығады. Ағылшын тілінде диалог оқылып, ән айтылады.
Әліппе: маған ұнады. Жарайсыңдар! Талаптарыңа нұр жаусын!
Ж - 1: қалай ойлайсың, адамның білім - ғылымды игеру үшін, табиғатты тану үшін қай сезім мүшесінің рөлі зор?
Ж - 2: е, құлақ шығар. Жооқ, көз бе........ Әлде............. (ойланып қалады)
Ж - 1: алдарыңызда көрініс. Сезім мүшелерінің айтысы
Ортаға Бекарыс, Ернұр, Самғар, Мансұр және Айшолпан шығады.
Ж - 1: Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй деп ұлы Абай атамыз айтпақшы, алдарыңызда жанды дауыспен Желдыбай Аяжан мен Бердіхан Айшолпанның орындауында Мен қазақтың қызымын әні
Мұғалім: тал шыбықтай бойына
Әдемі көйлек жарасар.
Ортада біздің сүйікті
Балдырған балғын балалар Қуыршақтар биімен.
Қуыршақтар биіне барлық қыздар мен Әмір және Бекарыс шығады.
Әліпе: - Мен екуіңе сұрақ қойсам деймін. Қандай жемістерді білесіңдер?
Ж - 1: сұрағыңыз оңай ғой, Әліппе
Ж - 2. – жемістер деген көп қой. Алма, алмұрт, шие,......
Әліппе: - Өмірдегі ең қымбат, ең қасиетті жемісті білмісің?
Ж - 1: мен білемін
Ж - 1: мен де білем. Көрініс. Ең қасиетті жеміс
Бақдәулет, Әмір, Самғар, ЕРмұхаммед, Заңғар, Айсара, Айдана, Жандос, Ерсұлтан, Қарақат, Сұлтанмұра шығады.
Әліппе: - мен сендермен өткізген 4 айыма, 100күніме ризамын. Бірақ сендер менен сұрамайсыңдар ма? Енді кіммен дос боламыз деп?
Ж - 1: ана тілі
Ж - 2: қазақ тілі
Әліппе: жарайсыңдар, ақылдыларым менің! Олар да осында отыр. Сендерге тосын сый болсын деп едім. Қане, қайдасың, құрдас?
Ана тілі: Сөйлетер сөзді шеберлеп,
Өзіңнің ана тіліңмін.
Байытып жақсы оқысаң,
Негізі менде білімнің.
Ана тілің — құралың.
Ана тілі — ұраның.
Ана тілі болмаса,
Мықты болмас тұрағың.
- Армысыңдар ма, ардақты балғын балалар! Бүгінгі тойларың көңіліме ұнап ақ тұр. Қандай тамаша бала едіңдер? Тойға сыйлық әкеледі емес пе, мен де сендерге сыйлық әкелдім. Хат танып, оқуға жарадыңдар. Әрқайсыңа бір - бір ертегіден ала келдім.
Ана тілі: сондай - ақ тапсырмалар да бар. Мақал, жаңылтпаш, жұмбақ, санамаққа қалайсыңдар?
5 - жұмбақ. 5 - мақал 5 - жаңылтпаш 5 - санамақ айтылады.
Ана тілі: Жарайсыңдар. Өздеріңді асыға күтемін. Әліппеге деген құрметімізді ары қарай жалғайық.
Ж - 1: Жиналған қауым таң қалсын
Ән, бимен шашу шашылсын.
Мың бұралған бишілер
Бименен кешті жалғасын.
Оқушылардың орындауында Джентельмендер биі.
Әліппе: - сендерге жаттау жаттарда, жазу жазғанда, мені оқып үйренген сәттеріңде кім көмектесті?
Ж - 1: Әрине, анамыз
Ж - 2: кейде әжеміз, әкеміз бен әпкелеріміз. Бірақ көбінесе Анамыз.
Әліппе: Әрине, ана. Өйткені ол — ана ғой.......
Ж - 2: Ана туралы
Ж - 1: - бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген аналар мен әкелеріміз, ата - әжелерімізге мың алғыс айтамыз.
Әліппе: - Жарайсыңдар. Бүгінгі қауым алдындағы есеп беру кешім аяқталайын деді. Енді мен сендермен қоштасайын.
Кір шалмасын беттерін,
Таза болсын оқулық пен дәптерің.
Оқығандарың есте болсын
Күнделіктерің беске толсын. – деп тілек айтады.
Ж - 2: әліппе, біздің сізге арнап айтарымыз бар.
Осы кезде оқушылар әліппеге арнаған тақпақтарын айтады
Бақдәулет, Аймерей, Айшолпан, Сұлтанмұра, Жасия, Саян, Бекарыс
Ана тілі: Балаларға ақ тілек
Болашаққа бақ тілеп
Оларға білім үйреткен
Әліппе сізге рахмет.
Ж - 1: ақыл - ойын даланың, ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты, ақ сүтіндей анамның.
Ж - 2: әліппе даңғыл жол ашты, жаңа пәнмен жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған. Рахмет, ұстаз алғашқы.
Әліппе кетуге ыңғайланады.
Оқушылар хормен: Бәрімізді сүйіп өткен,
Балаларға үйреткен
Әліппе мен ұстазға
Бас иеміз құрметпен.
Ж - 1: Хор: Рахмет, саған Әліппе!
Ж - 1: Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен шашу шашпақ мына біздің аналар!
Аналар шашу шашады. Тілектерін айтады
Ж - 2: Оң қадам әліппеден басталады,
Ұлы арман жолында асқарлы.
Қазақ үшін ашылған бұл мектепті
Аяулы Айнұр апай басқарады.- демекші, сөз мектебіміздің директоры — Қоңырбаева Айнұр Бекенқызына беріледі
Ж - 2: уақыттарыңызды бөліп, қуанышымызға ортақтасып келгендеріңізге көп рахмет.
Ж - 1: қош сау болыңыздар!


Скачать


zharar.kz