Жақты, жақсыз сөйлемдер
Сабақтың мақсаты:
а) оқушыларға жақты, жақсыз сөйлем туралы түсінікті тілмен оқушыларды қатыстыра отырып жан - жақты мәлімет беру;
ә) сөйлемнің түрлерін түсіндіре отырып ұжымдық, деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушыларға қазақ этикасына тән қасиеттерін дамыту;
б) оқушылардың белсенді ойлау қабілеттерін жандандырып, сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ой қозғау, сұрақ - жауап, тіл дамыту, топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: плакат, кеспе қағаздар, қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі, ағылшын тілі, денешынықтыру.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
1 - әрекет
Қиылған сөйлемдерді құрастыру арқылы топқа бөлу.
Бағалау бетшесін тарату.
Топ басшысын сайлау.
2 - әрекет
Сұрақтар банкасы
өткен тақырыптар бойынша сұрақ қояды және үй жұмысы (94 – бет, 76 – жаттығу) бойынша ізденімділік деңгейді пысықтайды.
3 - әрекет
Бақылау немесе тест әдісі:
Бұл әдіс оқушылардың тақырыпқа сәйкес мағлұматтарды білу деңгейін немесе олардың тақырыпқа көзқарасын анықтауға көмектеседі. Қатысушылар жауаптарының нұсқасын тиісті бағаналарға ( дұрыс , дұрыс емес , келісемін , келіспеймін , білмеймін ) белгілейді.
1. Одағай сөйлем қатысқан лепті сөйлемді тап.
А) Ойпырым - ай, балаңның мінезі қандай жаман еді.
В) Көрсетпе көз жасыңды. С) Жүр, жарысайық
Д) Балам, жөніңді айтшы Е) Амал нешік, пешенеме жазғаны осы болды.
2. Сұраулық шылау арқылы жасалған сұраулы сөйлемді тап.
А) Ол кісі қайда тұрады. В) Неге үндемейсіз, әже, барамыз ба?
С) Ол жерге неге отырасың. Д) Ойбай, сен былай тұр Е) Мен күні бойы жұмыста болдым ғой.
3. Бұйрықты сөйлемді тап.
А) Сен менен аулақ жүр В) Біреу көп үшін, көп біреу үшін.
С) Жеріміз біздің неткен бай. Д) Сүйіндік жігіттері он шақты күнде Омбыға келіп қалды.
Е) Қазір қай жерде тұрасыз.
Бақылау немесе тест әдісі:
1. Жай сөйлемнің ережесін табыңыз.
А) Бір ғана ойды білдіреді, бір интонациямен айтылады
В) Екі немесе одан көп жай сөйлемнен тұрады
С) Күрделі ойды білдіреді
Д) Дыбыстардың жазудағы таңбасы
Е) Адамның әр түрлі көңіл күйін білдіру
2. Айтылу мақсатына қарай сөйлем атауын табыңыз.
А) Жалаң сөйлем
В) Құрмалас сөйлем
С) Жайылма сөйлем
Д) Бұйрықты сөйлем
Е) Жай сөйлем
3. Жай сөйлемнің түрлерін анықтаңыз.
А) Жақты сөйлем
В) Салалас сөйлем
С) Құрмалас сөйлем
Д) Жай сөйлем
Жаңа сабақ: Жақты сөйлем дегеніміз - бастауыш мен баяндауышы қиыса байланысқан жай сөйлемнің бір түрі.
Жақты сөйлемнің бастауышы бар немесе бастауышы жасырын тұрған, сөйлемнің баяндауышы арқылы бастауышын табуға болатын сөйлем.
Мысалы: Жастар - біздің болашағымыз.
Құрылысына қарай: жай сөйлем, себебі тиянақты ойды білдіріп тұр.
Бастауышы бар, Болашағымыз кім? Жастар
Жақты сөйлем, бастауышы мен баяндауышы бір – бірімен қиыса байланысып тұр.
Жақсыз сөйлем
Сөйлемдегі айтылар ой бастауыштан басқа сөйлем мүшелері арқылы берілетін жай сөйлемнің түрі.
Жақсыз сөйлемнің бастауышы болмайды, оның жоқ екенін сол сөйлемнің баяндауышынан білінеді.
Жақсыз сөйлемнің жасалу жолдары
▪ - қы,- ғы,- кі,- гі жұрнақтары қалау райлы етістіктен болады. Мысал: Абайдың ұғына түскісі келді
▪ Барыс септік жалғауы тұйық етістіктен соң бол, жара, тура, кел деген көмекші етістіктердің келуі арқылы жасалады. Мысал: Енді сізге айтуға тура келді.
▪ Атау немесе барыс септік тұлғалы тұйық етістіктен соң керек, жөн, мүмкін деген бейтарап сөздердің тіркесіп келуі арқылы жасалады. Мысал: Біздің ашық сөйлесуіміз керек.
▪ - ып,- іп,- п жұрнақтары көсемшеден кейін бол деген көмекші етістіктің болымсыз тұлғада келуі арқылы жасалады. Мысал: Нені айтып отырғанын түсініп болмайды
▪ Құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар идиомдар жақсыз сөйлем болады. Мысал: Енді біраздан кейін көз байлануға айналады.
7 - әрекет
Семантикалық картамен жұмыс
Сөйлемдерді жақты, жақсыз түрлеріне қарай ажырату
Сөйлемдер -------------------------------------------------------------- жақты -------- жақсыз
Бұл кезде тоғай да кемеліне келіп толықсып тұрады.
Әр жұмысты өз уақытында бітірген жөн.
Қайсардың шешесі Бәден апай – шалқып сөйлейтін адам.
Бұл жұмысты оған тапсыруға болады.
Былтыр жазда ауылға бардым
Тапсырмаға тиянақты дайындалу керек.
Бір кезде қасқа атты қалт тоқтады.
Бізге шындықты айтуға тура келді.
Түні бойы ақ жауын сіркіреп тұрды.
Болған жайды жасырмай айтып беруі мүмкін
6 қалпақ әдісі. Кітаппен жұмыс (Оқулық бойынша берілген жаттығуларды орындату)
Оқушылық деңгей.
93 бет. 73 – жаттығу (Жукаш А., Муратов Е.)
93 бет. 74 - жаттығу (Альжанов Қ., Досумбеков. О.)
Алгоритмдік деңгей.
94 бет. Тапсырма (фразеологизмдер)
Кажыгалиева С., Сексембай А.
Ізденімділік деңгей.
94 бет. 75 – жаттығу. Ғаламтор желісіндегі ақпараттарға сүйеніп республикадағы жастарды қолдау бағытында жүргізіліп жатқан Мемлекеттік бағдарламаларға қысқаша шолу жасаңдар (300 - 400 сөз көлемінде). Мәтін ішінде жақсыз сөйлемдер болсын. Нургалиев А., Утемуратов А.
9 - әрекет. Постер қорғау
Лирикалық шегініс . Өлеңді қара сөзге айналдыру, жақты сөйлемді табу.
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла,
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
Бағалау
Ақмола облысы, Көкшетау қаласы,
№22 негізгі жалпы білім беретін мектептің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Аргунбаева Арай Сайранқызы
Ворд нұсқасын жүктеу