Құзыреттіліктерді қалыптастыру - жеке тұлғаны дамытудың басты кепілі
Құзыреттілік - оқушылардың іс - әрекетін әмбебап тәсілдерін меңгеруден көрінетін білім нәтижесі. Білім мазмұнын жаңалау - негізгі мақсат. Басты мақсаттың бірі - білім игеру кезінде күтілетін нәтижелеоге қол жеткізу. Басты назар мұғалімнен жеке тұлғаға ауысады. Жеке тұлғаны бұрын білімді қабылдаушы, өзіне сіңіруші рөлін атқарса, ал енді жаңа талап бойынша өздігінен білім алушы, үйрене білуші ретінде танылады. Сондықтан жеке тұлғаның бейнесін жаңа заман талабына сай дайындауымыз керек. Бүгінде білім беру стратегиясын құзыретті білім беру деп те атап жүр. Жаңа білім берудің жолдары қарастырылуда. Құзыретті білім беру тәсілдері құзырет, құзыреттілік ұғымдарымен тікелей байланысты.
Өркениетті елдерде қоғамды ақпараттандыру кең өріс алуда. Осыған байланысты жаңа ақпараттық технологиялар үлкен сипатқа ие. Сыртқы ортадан ақпарат алу, оны өңдеу оқушы мінезін қалыптастырудың қайнар көзі болып табылады. Ақпараттарды өз бетімен алуға, талдауға, қайта өңдеуге үйрету ақпаратық құзыреттілікті қалыптастыруға негіз болады. Мұнда оқушылардың өз бетімен жұмысына көп мән беріледі. Оқушылар өз беттерінше жаңа ақпараттық технологиялардың көмегімен ғаламтордан, түсіндірме сөздіктерден, түрлі әдебиеттерден ақпараттар алып, сабақ барысында пайдаланады. Мұғалімнің басты мақсаты - оқушыға білімді өздігінен игеру амалдары мен тәсілдерін үйретіп, оның өзіндік дүниетанымын қалыптастыруына жағдай жасау, кеңестер және бағыт - бағдар беру.
Оқушы сыни тұрғыдан талданған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға, өз бетінше мақсат қоюға, жоспарлауға, осы мақсаттарға жету үшін танымдық қызметтерді жүзеге асыруға үйренеді. Логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, қорыту, құрылымдау, дәлелдеу, модельдеу) материалдарды жүйелеуді қолдана отырып ақпараттарды өңдеуге үйренеді. Тұлға жан - жақты болу үшін оның дүниетанымы өте кең болуы керек. Танымдық құзыреттілікті қалыптастыру ақпараттарды іздеп тауып алу мен ақпараттарды алмасумен тығыз байланысты. Ол тұлғаның танымын кеңейтіп қана қоймай, құзырлы тұлға болуына, яғни сегіз қырлы, бір сырлы болуына лайықтау мақсаты алға қойылады.
Білім игеру үдерісінің басты тұлғасы - үйренуші деген ұстаным - бүгінгі таным идеяларын ұстанатын технологиялардың басты идеясы. Басты тұжырым - білімді игерудің нәтижеге бағытталуы, күтілетін нәтижені ала білуі. Ол үшін оқушы өзінің әрекеті мен оның нәтижесін бағалауды жүзеге асыруға, технологияны таңдауға мүмкіндік алуға құзырлы. Құзыреттілік коммуникативті байланыс арқылы жүзеге асады. Сөйтіп, оқушы өз позициясын, басқа топтармен байланысқа түсіп, қарым - қатынас жасауды үйренеді