Кеплер телескобының жұмыс істеу принципі

Скачать

Ғылыми жоба тақырыбы: Кеплер - 11 жаңа планета жүйесі. (презентациясымен)
Зерттеудің мақсаты: Күн жүйесінен өзге экзопланеталарды зерттеу барысында анықталған Кеплер - 11 планеталар жүйесін зерттеп, оларда тіршіліктің болуы мүмкін бе? Болса адам үшін маңызы қандай екендігін анықтау.

Зерттеудің міндеттері: 1. Түрлі ақпарат деректерін оқу, талдау, салыстыру.
2. Өзгелердің осы аталған тақырыпта білетіндерін тыңдау, ой бөлісу
3. Осы уақытқа дейінгі бар мәліметтерді көзіммен көру.
4. Көргендерімді, естігендерімді оқығандарымды жазу, суретін салу, макетін жасау.
5. Барлық жинақталған материалдарды талдай отырып ой қорытындысын шығару.

Зерттеудің болжамы: Кейінгі кездері Кеплер орбиталық телескобының көмегімен анықталып жатқан экзопланеталардың тіршілік үшін үлкен маңызы бар деп болжаймын.

Жұмыс жоспары:
Кіріспе:
І. ХХ ғ. адамзат тарихындағы Ғаламды игерудің маңыздылығы.
ІІ. Негізгі зерттеу бөлімі.
1. Кеплер телескобының жұмыс істеу принципі
2. Кеплер - 11 жаңа планеталар жүйесі.
3. Кеплер - 22 би планетасы.
4. Өзге де жетістіктер
Қорытынды.
Жобамен таныстыру.

1. Осыдан 51 жыл бұрынғы көктемнің керемет күнінде, яғни 1961 жылдың 12 сәуірінде таңғы сағат 9 - дан 7 минут өткенде Кеңес Одағы қазақ жеріндегі Байқоңыр ғарыш айлағынан әуе кеңістігіне Восток кемесін аттандырды. Ол кемеде әлем тарихындағы орбитаны бойлай ұшқан тұңғыш ғарышкер, аға лейтенант Юрий Алексеевич Гагарин болған еді. Жерден мыңдаған шақырым алыс ұшқан оның сапары дәл сол кезең үшін рекордтық көрсеткіш болды. Сапар 1 сағат 48 минутқа (108 минут) созылды. Восток кемесі 302 км биіктікте Жерді бір айналып шықты да, сағат 10 - нан 55 минут өткенде, Саратов облысындағы Смеловка ауылына жақын маңға қонды. Осы аңызға айналған сапары үшін ғарышкер Кеңес Одағы Батыры атағын алды. Оның ерлігі бүкіл адамзат баласының сан мыңдаған жылдар бойғы арман - тілегін жүзеге асырды. Осы оқиғадан кейін ғылыми - техникалық революцияға ерекше серпін беріліп, спутниктік телевидение, интернет, ауа - райын бақылау, бағдарлау секілді заманауи өмірдің игіліктеріне жол ашылды.
Осы сағаттан бастап, 12 сәуір Кеңес Одағының Жоғарғы Кеңес Төралқасының қаулысымен мемлекеттік мереке - ғарышкерлер күні болып белгіленді.

1968 жылы қарашада өткен Жалпы Халықаралық авиация федерациясының 61 - конференциясының қаулысына сәйкес, дәл осы күнді Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні ретінде атап өту туралы шешім шығарылды.
Бәрі қалай басталды?
1955 жылдың 12 ақпанында КСРО - ның Жоғарғы Кеңесі ақылдаса келе, континенталды балистикалық зымыранды сынақтан өткізуге бел буды."Байқоңыр" ғарыш айлағын Қазақстанда тұрғызу туралы шешім қабылдады. 1957 жылдан бері "Байқоңыр" әлемдегі тұңғыш және көлемді айлақ болып келеді.
1957 жылдың 4 қазанында Ресей мемлекеті орбитаға алғашқы жасанды жер серігін ұшырды (Спутник - 1). Ол орбитада 1957 жылдың 4 қазаны мен 1958 жылдың 4 қаңтары аралығында, яғни 92 күн болды. Осы аралықта Жерді 1400 рет айналып шығуға үлгерді. Әрбір айналымға 100 минуттай уақыт кетті. Осыдан кейін жер серігі Жер атмосферасында жанып кетті.
Ғарышқа ұшқан ең алғашқы тіршілік иесі - Лайка атты ит еді. Ит 1957 жылдың 3 қарашасында Мәскеу уақытымен таңғы алты жарымда Кеңес Одағының "Спутник - 2" атты кемесімен ғарышқа аттандырылды. Лайканың жасы - 2 - де, салмағы - 6 келі болған. Сол кездегі басылымдар оның орбитада бір апта болып, қалыпты түрде тамағын ішіп, ұйықтап, үргенін жазған болатын. Ал шын мәнінде Лайка ұшырылған соң, 5 - 6 сағаттан соң өліп қалған. Кабинадағы температура біртіндеп көтеріліп, ақырында Лайканың денесі қызып, өртеніп кетті.



Скачать


zharar.kz