Геометриялық пішіндерді ата

Скачать

Тапқыр достар интеллектуалдық ойын.

Мақсаты: Топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа адамның жұмысын бағалауға үйрету, қатысушылардың шеберліктерін, ой – өрісінің қызығушылығын дамыту. Балаларды ұйымшыл болуға, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Ойынға үш топ қатысады. Әр топта 5 баладан болады. Ойынымыз 5 кезеңнен тұрады.

1-кезең Кім тапқыр? Әр топтан бір қатырушы әріп таңдайды. Қойылған сұрақтарға сол әріптен сөздермен жауап береді. (А, Ә, Н).
Сұрақтар
1-топқа (Н)
1. Досың кім?
2. Анаңның аты кім?
3. Қай көшеде тұрасың?
4. Біздің ең қажетті асымыз?
5. Көктемде тойланатын көже дайындалатын мерекені ата

2-топқа (А)
1. Жасың нешеде?
2. Шашыңның түсі қандай?
3. Қандай жемісті жақсы көресің?
4. Қандай аңды білемің?
5. Адамдарды тасымалдайтын көлік.

3-топқа (Ә)
1. Кімді жақсы көресің?
2. Сенің атың кім?
3. Таңертең адамдарды ұйқысынан оятып, дауыс шығаратын не?
4. Өлеңді көп айтатын адамдарды не дейміз?
5. Бесік жыры қалай басталады?

2-кезең Ойлан, тап!
1. Кел, балалар, оқылық! - кімнің өлеңі? (Ы. Алтынсарин)
2. Тірі табиғатқа нелер жатады? (адам, жануарлар, өсімдіктер)
3. Төрт түлік малды ата? (түйе, сиыр, жылқы, қой, ешкі)
4. Қоян жүйрік пе, тасбақа жүйрік пе?
5. Өлі табиғатқа нелер жатады? (су, ауа, топырақ, тас)
6. Геометриялық пішіндерді ата.
7. Бес саусақты қолғапта неше саусақ бар?
8. Аспанда неше жұлдыз бар?
9. Табиғат дегеніміз не? (айналаны қоршап тұрған дүние)
10. Апта күндерін ата.
11. Бағдаршамда неге көзі бар?
12. Жыл мезгілдерін ата.

3-кезең Сиқырлы пішіндер . Әр түрлі геометриялық пішіндерден жаңа бір зат ойлап құрастыру. (үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек)

4 - кезең Мақалды жалғастыр . Тіл және сөз өнері туралы мақалдарды жалғастыру.
1. Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.
2. Піл көтермегенді, тіл көтереді.
3. Жақсы сөз – жарым ырыс.
4. Өнер алды – қызыл тіл.
5. Сөз түбін – сөз табар.
6. Сөз сөзден туады, сөйлемесе неден туады.
7. Сөз асылы – мақал.
8. Сөз шынды табар.
9. Көп сөз көмір, аз сөз алтын.

4-кезең Математикалық жұмбақтар .
1. Бес алманың үшеуін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңды қалады? (2)

2. Табақта тұр бес өрік
Қандай тәтті жесе өрік
Бесеуінде жеп қойсам
Қалады сонда неше өрік? (0)

3. Көлден ұшты 4 қаз
Қайтып келді 2 қаз.
Ұшып кетті нешеуі? (2)

5-кезең Қызықты логикалық сұрақтар .
1. Пеш түбінде пырылдап ұйықтайды...
2. Әкеңнің әкесі...
3. Олар орманда өседі...
4. Шыр – шыр етіп ұшады...
5. Лақтың енесі...
6. Одан көйлек, жейде тігеді...
7. Әріптердің тізбегі...
8. Ол жауыннан қорғайды...
9. Бөлмеге күннің жарығы неден түседі?
10. Ол үй күзетеді...
11. балалар жататын жиһаз...
12. Қазақстанның астанасы...


Скачать


zharar.kz