Өскемен қаласы әкімдігінің
№18 орта мектебі Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі: Токтасынова Камшат Жаныбековна
Сабақ: әдебиет 7 сынып
Сілтеме: Күнтізбелік жоспар, оқулық
Тақырып: Ахмет Байтұрсынов Екі шыбын
Жалпы мақсаты: Ахмет Байтұрсынов өмірінен мәлімет алады. Мысалды түсініп, талдап, өз көзқарасын білдіру арқылы қорытынды шығару жолдарын үйренеді. Бірлесе жұмыс істейді, өзгенің пікірімен санаса отырып, өзінің деңгейін көтереді.
Түйінді идеялар Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей
Ресурстар: Оқулық, интербелсенді тақта, флипчарт, А3 қағазы, ғаламтор
Әдіс - тәсілдері: Топпен, жұппен, жекелей жұмыс
Қолданылған модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқытуда АКТ - ны пайдалану, оқыту үшін бағалау мен және оқуды бағалау, жас ерекшелігіне сай оқыту, оқытудағы көшбасшылық, дарынды баламен жұмыс
Мұғалімнің іс - әрекеті:
Ынтымақтастық атмосферасын орнату.
Оқушылармен амандасу. Шаттық шеңберіне тұрып, бір - біріне тілек айтқызу арқылы сыныпта жағымды ахуал туғызып аламын. Оқушылардың құрал - жабдықтарын тексеремін.
Түрлі - түсті қағаз арқылы топқа бөлемін.
Топ басшысын оқушылармен ақылдаса отырып сайлаймын.
Үйге Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығына таныстырылым жасау берілген.
Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында оқушылар бір - біріне сұрақтар қояды.
Белсенді тақтадан шыбынның ызыңы естілген дыбыс қосылады.
Ызыңдап ән салады,
Жұп - жұқа қанаты.
Тәттіге тамсанып
Қоқысқа қонады
Мұғалім жұмбақ жасырады.
- Балалар, нендей дыбыс естідік, жұмбағымыздың жауабымен байланысы бар ма екен?
- Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?
- Бүгінгі сабағымызға қандай мақсат қоясыңдар?
Екі шыбын мысалын оқып шығады.
- Ек шыбын мысалы не жайлы?
- Мысал дегеніміз не?
І топ.
Білу, түсіну. Өмірмен байланыстырып, осы өлеңнің негізгі идеясын түсіндіреді және мақал - мәтел, нақыл сөздер жинақтайды.
ІІ топ. Қолдану, талдау. Өлеңді талдап, сахналық көрініс көрсетеді.
ІІІ топ. Жинақтау, бағалау. Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіреді. Өмірмен байланыстыра, екі шыбынды салыстырады.
Интербелсенді тақтадан сергіту сәтін көру, есту арқылы орындайды
Оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін Қазақты оянсын деп сөзбен шаққан тақырыбында эссе жазғызамын.
Бүгінгі сабақтан алынған білімдерін Де Бононың алты қалпағы бойынша қорытындылайды.