Павлодар облысы, Баянауыл ауданы,
Ақсан ауылы, Баянауыл аудандық білім бөлімінің
Ақсан жалпы орта білім беру мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Информатика пәнінің мұғалімі Абылкасова Балкен Көкенқызы
Информатика 6 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері.
Сабатың мақсаты:
Білімділік: Ms Word редакторында “Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері” тақырыбы бойынша оқушыларға толық түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютермен жұмыс істету шеберлігін одан әрі қарай шыңдау және осы сабақта алған білімдерін пайдалана білуге ықпал жасау.
Тәрбиелік: Ms Word редакторында мәтінді сауатты теруге, жүйелілікке, еңбекке, іскерлікке, ұқыптылықпен жылдамдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастырукезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Бүгін үйге берген сабақты “Алтын тасты сұрақтар ” арқылы сұралады. Ол үшін мынадай берілген сұрақтарға жауап беруіміз қажет.
1. Слайдта берілген терезе қай программаның терезесі?
2. Microsoft word - бұл.........................
3. Microsoft word қалай іске қосамыз?
4. Microsoft word – тың терезе элементтері
5. Құжатты сақтау әрекеті қалай орындалады?
6. Мәтіндік процессор жұмысын дұрыс аяқтау үшін қандай әрекеттерді
орындауға болады?
7. Қайсысы мәтіндік редактор емес?
III. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Жаңа сабақты бастамас бұрын тағы да мәтіндік редактордың іске қосу әрекетін еске түсірейік: Microsoft Word - ты іске қосу үшін келесі әрекеттер тізбегін орындау қажет.
Пуск – Программы – MicrosoftWord
Мәтінді пішімдеуге мыналар жатады:
• Әр түрлі шрифттерді пайдалану
• Құжат өрісінің шекараларын өзгерту (оң жақ, сол жақ, жоғары, төменгі өрісі)
• Мәтінді бағандарға бөлу
• Символдың, обзацтың, беттің сипатын тағайындау
Пішімдеуге арналған пернелер комбинациялары
Пернелер комбинациясы Форматтау кезіндегі әрекеттері
+ ------ Курсив (К)
+ ------ Асты сызылған (Ч)
+ ------- Жартылай қарайтылған (Ж)
+ ------- ортасына
+ -------- Сол жақ шеті бойынша
+ -------- Оң жақ шету бойынша
+ -------- Ені бойынша (екі жақ шетінен)
Ерекшелеу құпиясы
Сөзді ерекшелеу (Сөзде маусты екі рет шерту )
Сөйлемді ерекшелеу (Ctrl пернесін басып тұрып, сөйлемнің
кез келген жерінде маусты бір рет шерту керек).
Абзацты ерекшелеу (Үш рет басу керек).
Бүкіл құжатты ерекшелеу (Ctrl +A пернелерінің комбинациясын басамыз немесе Правка менюінен Выделить все командасын орындаймыз).
V. Сабақты бекіту:
Компьютерде практикалық жұмыс орындау, ол үшін ең бірінші компьютермен жұмыс істер алдындағы қауіпсіздік ережелерін еске түсіру керек.
Оқулықтағы деңгейлік тапсырмаларды орындату
А - деңгейі бойынша мәтінді көшіріп жазып, келесі тапсырмаларды орындау:
1 - тапсырма мәтініндегі “Компьютерлік вирус” сөзін жартылай қалың және курсивқа ерекшелеңдер;
Мәтіндегі “Microsoft” және “Concert” сөздерін асты сызылған етіп ерекшеле;
Мәтінді “Вирус” атауымен сақтаңдар.
В - деңгейі бойынша келесі тапсырмаларды орындау:
2 - тапсырма бойынша суреттермен берілгендерді сөзбен жазыңдар;
Мәтіндерді әртүрлі қаріптермен ерекшелеңдер;
Мәтінді Өз аттарыңмен сақтаңдар.
V. Сабақты бекіту:
Мынадай ойын арқылы сабақты бекіту:
1. Сиқырлы шарлар Пішімдеу панелінің батырмаларын тап? (дұрыс тапсаң шар әуеге қалықтайды!)
2. Асқабақтарды жина! Мәтінді туралайтын батырмалардан тұратын асқабақтарды жина!
VI. Сергіту жаттығулары (2 мин) Көзге арналған электрондық жаттығулар
VII. Қорытындылау.
Мұғалім:
- Сендер мәтіндік процессордың терезе элементі мәтінді пішімдеумен және онымен жұмыс істеуді бастадыңдар.
• Қандай ерекшеліктерді кездестірдіңдер?
• Не нәрсе ыңғайсыз болды?
• Бұрын сендер жұмыс істеген басқа программалардан қандай басымдылығы бар?
• Бұл программа туралы тағы не білгілерің келеді?
VI. Үйге тапсырма беру. §17 - ты оқу, бақылау сұрақтарына жауап беру.
Тест тапсырмасын орындау
VII. Оқушыларды бағалау.
Толық нұсқасын жүктеу