Наурыз
Наурыз келді міне нұрын төккен,
Келді ғой гүлін алып нұрлы көктем.
Наурызда бүкіл әлем құлпырады
Таңғы шық мөп - мөлдір боп жылтырады.
Бүкіл әлем наурызда жанданады,
Көрініп әдемілік салтанаты.
Табиғат мақсаты ғой әдемілік
Әсемдік табиғат мол мұрасы.
Наурызда мереке көп - қой шіркін,
Арт - артынан болатын дүркін - дүркін.
Көптігі мерекенің сонша ғажап
Айта берсең кетеді бүтін бір күн.
Наурыз тойланады осы айда,
Азырақ тоқталайын осы жайға.
Қалың жұрт жиналады ақ боз үйге
Жиналғандай болады құрылтайға.
Наурыз көже пісірер апаларым,
Аталарым береді ғой баталарын.
Бозбалалар күресіп бақ сынайды,
Білмейсің қайсысы балуан атанарын.
Би билер, ән айтылар мерекеде,
Не жетсін мерекеге, берекеге.
Көкпар тартар жігіттер осы тойда
Таласып, мәз болысар көк серкеге.
Жүре берсін уақыт - шіркін арбасы,
Наурыз дәстүрімнің жалғасы
Абдраманхан Марат (8 - сынып оқушысы)