Мұқағали Мақатаев
Өкпелеттім...
He дейін, өкпелеттім,
Өкпелетіп қалайша көктемекпін.
Сенің қойған межеңнен аттадым да
Шекараңнан шықтым да, шетке кеттім.
Өкпелеттім, амал не, өкпелеттім.
Қарашы әне, келеді таң сарғайып,
Сыртқа жүрші, қойшы енді, томсармайық!..
Аңдуым - ау, тамаша таң алдында,
Қырсықтың қытығына қол салмайық.
Ақылдым - ау, неге сен қарамайсың?!
Кейде өзің де қызыңсың... баладайсың...
Күш - сезімді күрес деп санамайсың,
Сонда қалай? Қалай деп бағалайсың?
Жүрші сыртқа, қарашы таң нұрына,
Табынайық табиғат паңдығына.
Таң атады, кетеді базаршы - күн,
Қазынасын жинап ап сандығына.
Сергиікші малынып таң нұрына,
Өкпелейсің несіне тағдырыңа...
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2