Қыз Данай (ХІХ ғасыр) Қазақ тарихындағы әйелдерҚыз Данай - Кіші жүздің қызы, Таз руының Келдібай атасының Жәлімбет деген бұтағынан екен

Скачать

Қыз Данай (ХІХ ғасыр) Қазақ тарихындағы әйелдер
Қыз Данай – Кіші жүздің қызы, Таз руының Келдібай атасының Жәлімбет деген бұтағынан екен. Сүймеген адамына айттырып, қоспақшы болған соң, Төремұрат батырмен қашып кетеді. Төремұрат батырдың елі қазіргі Атырау облысы, Құлсары ауданындағы Жылыой жерінде екен. Ал бұл Құрманғазы күйшінің нағашы жұрты болады. Құрманғазының Қыз Данайдың күлкісі , Қыз Данайдың жүрісі , Қыз Данайдың қырғыны деген күйлері бар. А. Жұбанов бұл күйлердің шығу тарихы туралы былай дейді: Бір күні Төремұраттың әйелі Қыз-Данайдың тартып әкетеміз деп, түр ортасында аулы шырт ұйқыда жатқанда ойда жоқта жау келіп қалады. Өйткені, Қыз-Данайды айттырулы отырған жерінен Төремұрат көңілі қосылғасын, ата-анасының ризалық бермегеніне қарамай, күшпен тартып алып кеткен болатын. Төремұрат, Нарынбай екеуі де атсыз қалып, жалғыз Құрманғазы ғана баяғы торы атқа мінеп үлгереді. Батырлардың аттарын алып келіп алдарына кесе тартқанынша, Қыз-Данайдың отауына ешкімді жібермей, біртіндеп келгенін қағып түсіріп, Құрманғазы қорғап тұрады. Батырлар аттарына мінген соң, жауды сәтте қашырып, аман-есен қалады.
Апа-сапа басылғаннан кейін Құрманғазыны батырлар ортаға алып, төбесіне көтергендей құрметтейді. Шабыты келген Құрманғазы қолына домбырасын алып күй шертеді. Күйде сатырлаған аттың тұяғының дауысы, ала құйын шабыс, ұрысты бейнелейтін сурет көз алдыға келеді. арасында бір кезек қана Қыз-Данайдың әсем келбетін, сұлу жүрісін, күлкісін суреттейтін дыбыстар өтеді. Бірақ кенет күй тағы бұрынғы аласұрған қозғалыс, жүріске көшеді. Күйдің аяғы тағы да Қыз-Данайдың тақырыбына көшіп, сазды әсем дыбыстармен бітеді. Ел-жұрт бұл қандай күй елі деп қаумалағанда, бұл Қыз-Данайдың қырғыны деген екен. Төремұрат батыр түрікпендер қолынан қаза табады. Қыз-Данай түрікпен тұтқынынан қашып шығып, өз еліне барады. Алайда олар Қыз-Данайды қайтадан әлгі айттырлыған адамына қосады. Бірақ Қыз-Данай көп ұзамай құсадан қаза тапқан деседі.


Скачать


zharar.kz