Шығарма жаздыру

Скачать

Тіл негізі - ой дамыту
Тіл адамзаттың бір - бірімен пікірін, түсінуін қамтамасыз ете келіп, тілдік қарым - қатынасты іс жүзіне асырады.
Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді, сөзі мірдің оғындай екен деп дәріптейді. Ал Жүсіп Баласағұн ақыл - ойдың көркі – тіл, тілдің көркі – сөз деп айтқан екен.

Қазіргі таңда оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, дара қабілеттігін дамытуға мүмкіндік беретін бағдарлы білім беруге жол ашатын Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартына сәйкес оқыту мазмұнын қоғам талабын ескеріп, жаңарту қажеттігі - оқушыларды ауызша және жазбаша сөйлеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге, өз бетінше міндетті және мүмкін деңгейлерді игере білуге үйретуді көздейді.

Тіл дамыту жұмысы – күрделі де творчестволық процесс. Бала тілін дамытуда басты назар аударылатын – олардың орындаған жаттығулардың мазмұндылығы, жүйелігі, анықтығы, мәнерлігі, тазалығы, өрнектей, түрлендіре алушылығы және грамматикалық, орфографиялық, пунктуациялық, орфоэпиялық қатесіздігі.

Тіл дамыту - ойдың жұмысына негізделіп, ойлауды іске асырады. Көптеген зерттеулерге қарағанда, нашар оқитын балалардың көпшілігінің тілдері нашар дамыған, ойларын дұрыс жеткізе алмайды. Керісінше, тілі жақсы дамыған бала ойын да дәл, шебер жеткізеді, оқуы да ойдағыдай меңгереді, олардың табиғат пен қоғамдағы күрделі байланыстарды дұрыс тану мүмкіндіктері де мол болады. Тілді меңгеру барысында бала қорытынды жасайды, жалпылау, нақтылау, абстракциялау сияқты ойлау операцияларын қолданады.

Сөйлеу арқылы бала тек басқа адамдармен қарым - қатынас жасап қоймайды, сонымен бірге айналасын да таниды. Сөйлеуді меңгеру - шындықты меңгеру. Тіл дамыту үш салаға бөлінеді: 1. сөздік жұмыс; 2. сөз тіркесі және сөйлеммен жұмыс; 3. байланыстарда сөйлеуге үйрету жұмысы. Бұл жұмыстар бір - бірімен байланыстырыла, қатар жүргізіледі. Әсіресе байланыстыра сөйлеуге үйрету жұмысында қалған екеуінде үйренген білім, икемділік, шеберліктері ұштасады, яғни ойлау, жүйелеу, текст құрастыру, материал жинау, орфографиялық шеберліктері іске асырылады.

Жалпы сөйлеу дегеніміз өзі адамның ойын, білгенін, сезімін екінші біреуге жеткізу үшін, яғни қарым – қатынас жасау үшін тіл арқылы байланысу болып табылады.
Тіл дамыту балаға тек жаттығулар мен мазмұндама, шығарма жұмыстарын орындау арқылы ғана емес, сонымен қатар сөйлеу баланың өзін көрсететін құралына айналып, оны қуантып көңілін шарықтататын болуы керек. Балалардың ойын дамыту үшін негізінен мынадай жұмыстар іске асырылады.
1. Бақылау, тіл дамытудың қайнар бұлағы. Бақылау арқылы жинаған материалдарын сөйлемдер, мазмұндама, шығарма етіп жазуға, сол сияқты түрлі жаттығуларға пайдаланады.
2. Шығарма жаздыру. Ш. Кәрібаев: Шығарма жаздыру жұмысы оқытушының үнемі басшылық етіп отыруына талап етеді. Оқушылармен тиісті әңгіме жүргізіп, байқап сұрастыра отырып, шындыққа үйлесетін, шамасы келетін, жақсы білетін материалды жаздырған дұрыс - дейді.
Бастауыш мектепте жүргізілетін тіл дамыту жұмысы мынадай мақсаттарды көздейді: 1. Оқушылардың байқағыштық, ойлау қабілеттері мен тілін, дүниетанымын дамыту, әр нәрсені салыстыра талдап, өз бетімен қорытынды шығара білуге үйрету.
2. Қазақ әдеби тілі нормасына сай, өз сезімін, ойын дұрыс жазып бере алатындай дағдылап беру.
3. Ана тілін сүюге, оның алтын қорын, тамаша сырын, көркем де нәзік сөз байлығын қолдана білуге тәрбиелеу.
4. Жазу тілін дамытуға септігі тиетін мазмұндама мен шығарма жұмыстарының оңай да тиімді түрлерін іріктеп ұсыну.


Скачать


zharar.kz