Практикалық бөлім

Скачать

Информатика 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс
Сабақ мақсаты: Paint графикалық редакторының мүмкіндіктерін
пайдалану, оқушыларға үйрету
Білімділік: Paint графикалық редакторының міндеттерін және құралдарды тәжірибелік жұмыстарда қолдана білу
Дамытушылық: Оқушыларға жаңа тақырып бойынша практикалық жұмыстар жасату арқылы білімдерін, ойлау қабілетін, дарындылығын арттыру
Тәрбиелік: Еңбекке баулу, ұлттық салт – дәстүрге, пәнді сүюге, қызығушылыққа, қайырымды болуға, дарындылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: практикалық сабақ
Сабақтың түрі: топтық, жекелей
Сабақтың көрнекіліктері: компьютер, жұмыс дәптері.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Практикалық бөлім
3. Сабақты бекіту
4. Қорытындылау

Практикалық бөлім
Практикалық жұмыс №1
Сызық (Линия) құралын пайдаланып, қалыңдығы мен түсі әр түрлі сызықтармен индекс цифрларын сал.

Практикалық жұмыс №2
Сызық (Линия) құралын пайдаланып, өрмекшінің торын сал.
Жұмыс істеп ұзақ,
Өрмекші құрды тұзақ,
Болмады бірақ күткені,
Оған ешкім түспеді

Практикалық жұмыс №3
Сызық (Линия) құралын пайдаланып, қалыңдығы мен түсі әр түрлі сызықтармен жайраның суретін сал
Үсті - басы ине,
Бұл не деген бейне.
Кірпіге ұқсас заты,
Жайра оның аты.

Практикалық жұмыс №4
Сызық (Линия) құралын пайдаланып, қалыңдығы мен түсі әр түрлі сызықтармен ағаштың суретін сал

Практикалық жұмыс №5
Тіктөртбұрыш (Прямоугольник) құралын пайдаланып, қалыңдығы мен түсі әр түрлі сызықтармен поездың суретін сал


Скачать


zharar.kz