Бір сөздерді қайталап қолданудан

Скачать

Жалпы орта білім беретін мектептердің 5 - 9 сынып оқушыларына арналған қазақ тілі мен әдебиет пәніне қосымша (стилистика) бағдарламасы

Түсінік хат
Проблема:
Оқушы ең алдымен ана тілінің сөз байлығын жете меңгеруі қажет. Қазақ тілінің сөздік құрамы бірде - бір тілден кем емес. Кез келген жанрда өз ойымызды толық жеткізуге тіл құралдарының мүмкіндігі толық жеткілікті. Осындай байлықты толық меңгере алмағандықтан оқушылардың сөздік қоры аз. Бір сөздерді қайталап қолданудан. сөйлем құрудың формаларын жиі - жиі пайдаланудан сөйлемдер түсініксіз болып шығады. Мұғалім әдебиет пен тіл сабақтарында оқушылардың сөздік қорын байытуға ерекше көңіл бөлуі қажет.

Өзектілігі:
Стилистика тілді ұстарту жұмысы болғандықтан, оның қазақ тілінің әрбір сабағымен тығыз байланысы бар. Оқушылармен граматикалық, морфологиялық, синтаксистік талдаулар мен осы саладағы қателермен көп жұмыс жүргізіледі де стилистикалық талдаулар мен қателерге көңіл бөліне бермейді. Осыдан барып оқушылардың жазба жұмысы мен ауызша сөйлеу барысында сөз байлықтары жетпей жұтаңданып тілдік құралдары айту мақсатына орай дәл, айқын, мәнерлі жеткізе алмайды. Сондықтан бағдарламадағы жоспарланған тақырыптарды теориялық тұрғыдан меңгерумен қатар әдеби материалдарды пайдалана отырып, жеке сөздермен сөз тіркесімен, сөйлеммен шығармашылық тұрғыда түрлендіре жұмыс жүргізуге (шығарма, мазмұндама, реферат, баяндама жазуға) баса көңіл бөлу қажет. Бұл бағдарлама осы аталған жұмыстарды іске асыру мақсатында құрастырылған.

Мақсаты:
Оқушылардың жалпы сөйлеу мәдениетін дамытып, дұрыс, сауатты жазауға ауызша және жазбаша ойын, грамматикасын және стилистикасы жағынан дұрыс сөйлем құрап, жүйелі сөйлеуге үйрету.

Міндеттері:
- Қажетті ақпаратты жинақтау үшін қосымша әдебиеттермен жұмыс жасай білу дағдыларын жетілдіру;
- Тілдің стильдік нормасына сай дұрыс, нақты, түсінікті, анық, жүйелі, мәнерлі жатық сөйлеуге машықтандыру;
- Теңеу, анализ, синтез, абстракциялау, нақтылау, жинақтауға дағдыландыра отырып, ойлау қабілетін дамыту;
- Тіл, тіл құралдары, олардың өзара байланысы мен қызметі жайлы түсінік қалыптастыру;


Скачать


zharar.kz