Алау жағу

Скачать

Тақырыбы: Координаталары бойынша нүктелерді салу тақырыбына есептер шығару
Мақсаты:
• Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесін сала білуге, координаталары бойынша нүктелерді табуға берілген нүктенің координатасын анықтай алуға үйрету;
• Оқушылардың ой - өрісін дамыту, ойлау қабілетін арттыру;
• Отан сүйгіштікке ықпал ету, спортқа, пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттыру, еңбекқорлыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сызбалар, сызба құралдары, слайдтар, спорттың түрлері бейнеленген суреттер, жалаушалар, медальдар (макеттер)
Түрі: Алған білімдерін бекіту сабағы
Әдісі: Ойын сабақ
Барысы:
1. Алау жағу
2. Бой сергіту
3. Классикалық стильде сырғанау
4. Тұғырдан секіру
5. Биатлон
I. Ұйымдастыру
Сочиде қысқы ойындардан олимпиада өтуде. Біз де жанкүйер ретінде сайысқа қатысып, математикалық білімдерімізді сынайық.
2. Алау жағу
Тест
1. Қиылысушы түзулер жазықтықты неше бұрышқа бөледі?
А) 1 В) 2 С) 3 D) 4
2. Қиылысатын екі түзудің ортақ нүктесі нешеу?
А) жоқ В) 1 С) 2 D) 3
3. Бұрыштардың шамасы қандай?
.....................
А) 28°; 152° В) 28°; 153° С) 155°; 25° D) 180°
4. Теңдеуді шешіңіз:
3х - 15=х+3
А) 5 В) - 3 С) 9 D) 0
5. Теңсіздікті шешіңіз:
3х+7 х - 1
А) (-∞;- 4) В) [- 4; + ∞) С)(0; + ∞) D) (-∞;- 4]
6. А (4; - 1) нүктесі қай ширекке тиісті?
А) 1; В) 2; С) 3; Д) 4

Тестіні кім тез, әрі дұрыс орындаса, сол оқушы алау жағу құрметіне ие болады. Тестте ең көп ұпай жинаған оқушылар спортшы, қалғаны көрермен. Көрермендер жанкүйер болып есеп шығарады.

II. (а) Бой сергіту.
Өтілген тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру:
1) Қандай түзулер қиылысатын түзулер деп аталады?
2) Қандай бұрыштар вертикаль бұрыштар деп аталады? Қандай қасиетке ие?
3) Тағы қандай бұрыштар атауын білесіздер? Қандай қасиеті бар?


Скачать


zharar.kz