Сыныбы: МАД
Сабақтың тақырыбы: Ә дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды ә дыбысымен таныстыру, ә дыбысының орнын анықтау, сауатты оқуға және жазуға дағдыландыру, сөздерге дыбыс тық және буындық талдау жасай білуге үйрету.
Дамытушылығы: оқушылардың сөздік қорын молайту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту
Тәрбиелігі: сауатты, таза, ұқыпты жазуға, ұғымталдыққа тәрбиелеу
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, жұмбақ жасыру, ойын, СТО технологиясының стратегиялары Ой қозғау , Түсініктеме күнделігі , Ішінде сыртында , Еркін жазу
Көрнекіліктер: кеспе әріптер, суреттер, әліппе дәптерлер, кеспе қағаздарға жазылған сөздер, интерактивті тақта
Түрі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: Актер ойыны
Мақсаты: Сабақты жақсы көңіл күймен бастау, балалардың көңіл - күйлерін көтеру
- Олай болса бүгінгі сабағымызға келген қонақтарымызға өзіміздің көңіліміз көтеріңкі болуы үшін бір ойын ойнап жіберейік
Жүру барысы:
Тәрбиеші балаларға бір күлкілі сөйлемдер айтады.
Балалар сол айтылғанды қимылмен көрсетеді.
Мысалы:
- Банан жер отырған маймыл
- Күнге қарап отырған мысық.
- Қуанышты бала
- Қыста апанда ұйықтап жатқан аю
- Балалар көңілімі көтерілді ме? Олай болса сабағымызға көшейік
ІІ. Қызығушылықты ояту. Ой қозғау
- Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын.
1. Айқайлап шақырады
Таңды атырады. Ол не? (әтеш)
2. Бар тәттіні береді,
Бізді жақсы көреді. Ол кім? (әже)
3. Ең алғаш қолға аламыз
Оқып толар санамыз. Ол қандай кітап? (әліппе)
ІІІ. Мағынаны тану
- Міне, балалар бірнеше жұмбақты шештік. Жұмбағымыздың жауабы суретпен және сөзбен берілген екен. Енді тақтадағы суреттерді қайталап айтайықшы.
Әтеш, әже, әліппе
- Енді осы сөздер қандай әріптен басталған?
- Олай болса бүгін біз осы Ә дыбысы және оның әрпімен танысамыз
Интерактивті тақтадан тыңдау
Ә дыбысын дыбыстату
- Ә дыбыс қалай атылып тұр?
- Сонда қандай дыбыс деп ойлайсыңдар?
- Қандай түсті текшемен белгілейміз?
Ә дыбысы дауысты дыбыс, қызыл түспен белгілейді
- Балалар мына сөздерден көріп отырғанымыздай Ә дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездесе береді екен.
ІҮ. Сергіту сәті Ойын Кім білгіш? Ішінде, сыртында стратегиясы
Балалар шеңберге тұрады. Олардың қолына қағазға жазылған бір сөзден таратылады. Әуен ойналғанда айтылған сөзге қарай қимыл жасайды. Ішінде дегенде қолдарындағы сөздерде ә дыбысы болса балалар ортаға кіреді. Ә дыбысы жоқ сөзді балалар сыртында қалады.(сәбіз, дәрі, бала, әже, әріп, алма, әліппе, кәрі, мектеп)
Берілген ұғым: Ә дыбысының таңбасын таниды
Ү. Дәптермен жұмыс
1. Берілген суреттерде ә дыбысы сөздің қай жерінде келіп тұрғанын айту
2. Қарындаштың тапсырмасы ә әрпінің баспа түрін қарындашпен жаздыру
3. Кітаптың тапсырмасы берілген буындарды, сөздерді оқыту
4. Қарындаштың тапсырмасы берілген сөздерді жазу
5. Сөйлем ойлап айту. Әже, әке, әдемі сәбіз
ҮІ. Сабақты қорытындылау
Атырау облысы, Атырау қаласы,
М. Әуезов атындағы №7 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Дощанова Сәуле Құрманбайқызы
Ә дыбысы мен әрпі жүктеу