Әбдібек Жаманбаев
Бала ғой дейміз баланы,
Ат та жоқ басқа беретін.
Баладан өсер - дананы
Көз де жоқ бізде көретін.
Бір күні жайнап сол бала,
Еліңнің шықса көгіне.
Бала ғой дейміз сонда да,
Дана деу артық көріне!
Оянып асыл армандар,
Ұйқысыз мәңгі өтеді - ау.
Еліне бала болғанда,
Пана да болады екен - ау!
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл селосы, Опорный орта мектебінің
3 сынып оқушысы Дарханқызы Айерке