Аралас құрмалас сөйлем

Скачать

Тақырыбы: Аралас құрмалас сөйлем
Мақсаты:
Білімділік: жаңа сабақты меңгерту, өткен сабақтармен байланыстыру, сабақтас құрмалас сөйлем мен салалас құрмалас сөйлемнің ерекшелігін таныту, оқушының өзіне талдату арқылы өздігінен қорытынды шығару.
Дамытушылық: дүниетанымын, ой - өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру, сөйлеу тілін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Тәрбиелік: ұжымдасып еңбектенуге, әдептілікке, ұлттық тәлім - тәрбие алуға, ұқыптылыққа, мысалдағы сөйлемдер арқылы елжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, оқулықпен жұмыс, альтернатив тест, интерактивті тақтамен жұмыс, салыстыру.
Көрнекілігі: компьютер, слайдтар.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен амандасу.
б) көңілдерін сабаққа аудару.
1 - слайд:
Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық?!
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!
2 - слайд: Үй тапсырмасын тексеру
1. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
2. Құрмалас сөйлемнің түрлері.
3. Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
4. Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

Құрмалас сөйлем
Салалас ---------------- Аралас --------------- Сабақтас

3 - слайд: Венн диаграммасы
Салалас
Компоненттері тиянақты, тең дәрежеде байланысады.
Жалғаулық шылаулар, интонация арқылы байланысады.

Синтаксис.
Құрмалас сөйлем.
Күрделі ойды білдіреді.

Сабақтас- Алғашқы компоненті тиянақсыз. Бағына байланысады. Қосымшалар арқылы байланысады.
Бағыныңқы, басыңқы

Жаңа сабақ.
Аралас құрмалас сөйлем.
1. Сәкен ауылға ертерек келсе, шөп шабуды бастаймыз.(шартты бағыныңқы сабақтас)
2. Сәкен сөзді әрі қарай тереңдеткісі келмеді, сондықтан әңгіме желісін бұрып жіберді. (себеп - салдар салалас)
3. Күн шығып, ел тұра бастады,- Сәкен әлі жоқ. (Аралас құрмалас сөйлем)
Сызбасы: бағыныңқы, басыңқы, басыңқы.
4. Ақбоз алдыңғы екі аяғын ербитіп, көзі шатынап тұра бергенде, Шолақ құлағын төмен қарай тұқырта басып қалып еді - ат етпетінен түсті.(Аралас құрмалас сөйлем)
Сызбасы: бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы, басыңқы.
5. Кеген ауданына келгенше, мен де аңшы емес едім, мұнда келген соң, еріксіз үйрендім.(Аралас құрмалас сөйлем)
Сызбасы: бағыныңқы, басыңқы, бағыныңқы, басыңқы.
Құрамында жай сөйлемдері бір - біріне салаласып та, сабақтасып та байланысқан құрмаластың түрі аралас құрмалас сөйлем деп аталады.
Оқулықпен жұмыс:
1 - тапсырма
Оқулықтағы 151 - жаттығуды ауызша орындау. Бағыныңқы, басыңқы сыңарларының орналасу тәртібін түсіндіру.
Оқулықтағы 152 - жаттығудан көп бағыныңқы құрмалас сөйлемді тауып, жасалу жолын түсіндіру.(жазбаша)
2 - тапсырма. Ырымдарға байланысты сөйлемдер берілген. Орындары ауысып кеткен салалас сөйлем мен сабақтас сөйлемнің сыңарларын орналастыру керек.
Салалас Сабақтас

Альтернатив тест
1. Аралас құрмалас сөйлем салаласып та, сабақтасып та, байланыса ма?
а) иә; ә) жоқ.
2. Аралас құрмалас сөйлемнің құрамында кемінде үш жай сөйлем бола ма?
а) иә; ә) жоқ.
3. Сабақтас сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз бола ма?
а) иә; ә) жоқ.
4. Сабақтас құрмалас сөйлемнің басыңқысы бірінші тұра ма?
а) иә; ә) жоқ.
5. Салалас құрмалас сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз бола ма?
а) иә; ә) жоқ.

Сөзжұмбақ Аралас
1. Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлем.(құрмалас)
2. Кімге? неге? сұрағына жауап беретін септік.(барыс)
3. Сөйлемде атау, іліктен басқа септіктердің бірінде тұрып, басқа мүшені мағына жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүше.(толықтауыш)
4. Құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақты болып, тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлем.(салалас)
5. Заттың атын білдіріп, кім? не? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы.(зат есім)
6. Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөз табы.(етістік)

Үйге тапсырма. 1. Аралас құрмалас сөйлемнің ережесін жаттау.
2. Абай жолы романынан алты аралас құрмалас сөйлем жазып келу.
Оқушыларды бағалау.


Скачать


zharar.kz