Атмосфера қабаттары

Скачать

Пәні: география
Сабақтың тақырыбы: Атмосфера тарауын қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты:
“Атмосфера” тақырыбы бойынша алған білім - білік дағдыларын жүйелеп қорыту, теориялық білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты:
Әр түрлі білім көздерімен жұмыс жасауды әрі қарай дамыту, дүниетанымдық қабілеттерін дамыту, белсенділіктерін арттыру, танымдық қызығушылықтарын жетілдіру.
Тәрбиелік мақсаты:
Экологиялық тәрбие беру, ауаны қорғауға, қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: жекелей, топтық жұмыстар, деңгейлік тапсырмалар, жұмбақтар шешу;
Сабақтың түрі: қорытынды сабақ
Сабақтың көрнекіліктері: жарты шарлар картасы, атмосфераның құрылысы, атмосфералық құрал – жабдықтар суреті, слайд.
Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, биология, химия, физика, әдебиет.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру. Амандасу, оқушыларды түгендеу. Назарларын сабаққа аудару. Оқушыларды 2 топқа бөліп орналастыру. 1топ Бриз , 2топ Муссон .
II. Үй тапсырмасы. Климат.
Кәне, балалар біз атмосфера тарауында не білдік, не үйрендік айтып беріңдерші. Атмосфера құрамы туралы не айта аламыз.
1. Атмосфера құрамы. Жердің ауа қабығы атмосфера деп аталады. Ауа әр түрлі газдардың қосындысынан тұрады. Олардың ішіндегі ең көбі азот пен оттегі. Ауа көзге көрінбейді, қолға ұстауға келмейді. Бірақ қайда барсақ та бізді ауа қоршап тұрады. Ол орын алады.
2. Атмосфераның құрылысы. Ол 3 қабаттан тұрады. Атмосфераның ең төменгі қабаты тропосфера деп аталады. Тропосфера ауасы күн сәулесі қыздырған Жер бетінен жылу алады. Сондықтан неғұрлым жоғарылаған сайын соғұрлым суық болады. Әрбір км - ге биіктеген сайын температура орта есеппен 6° С - ге төмендейді.
3. Атмосфераның маңызы. Атмосфера күн сәулесін шашыратып түсіреді. Сондықтан Жер беті күндіз Күн сәулесінен қатты қызбайды, түнде өте суымайды. Ол жылылықты ұстап тұрады.
4. Атмосфераны зерттеу. Атмосферадағы түрлі құбылыс, өзгерістерді зерттеудің зор маңызы бар. Атмосфераны зерттейтін ғылымды метеорология деп атайды.

1. Жұлдызды сәт . Ойын ережесі бойынша әр топқа 10 сұрақтан қойылады.

1 топ сұрақтары.
1. Атмосфера құрамында ең көп мөлшерде кездесетін газ. (азот)
2. Атмосфера қабаттары. (тропосфера, стратосфера, атмосфераның жоғары қабаты).
3. Бұлттың негізгі 3 түрі. (будақ, қабат, шарбы).
4. Ауа райының негізгі элементтері. (температура, ылғалдылық, атмосфералық қысым).
5. Атмосферадағы ылғалдың 86% негізгі көзі. (Мұхиттар мен теңіздер).
6. Жер шарындағы ауа массаларының негізгі типтері (арктикалық, қоңыржай, тропиктік, экваторлық).
7. Желдің жылдамдығын өлшейтін құрал (флюгер).
8. Тұрақты желдердің қалыптасуы неге байланысты? (қысым белдеулеріне).
9. Жоғары және төменгі температура көрсеткіштерінің арасындағы айырмашылық қалай аталады? (амплитуда).
10. Температуралары бірдей нүктелерді қосатын қисық сызықтар.
(изотермалар).
2 топ сұрақтары
1. Стратосфераның жоғары шекарасы қандай биіктікке дейін таралады. (50 - 55 шқ).
2. Экватор маңында қандай қысым қалыптасады. (төменгі).
3. Ауа райының белгілі бір жерге тән сипаты, көп жылдық орташа жай – күйі. (климат).
4. Сынап бағанасының 760 мм биіктігіне тең қысым. (қалыпты атмосфералық қысым).
5. Атмосфералық жауын - шашын қандай бірлікпен өлшенеді. (миллиметрмен).
6. Климат құрушы негізгі факторлар. ( географиялық ендік, ауа массалары, жер беті жамылғысы).
7. Жауын – шашын түрлері. (жаңбыр, қар, бұршақ, шық, қырау, қылау).
8. Ұсақ қиыршық мұз тартылған сымға, үйдің желдің өтіндегі қабырғасына ең борпылдақ түрінде ілінген зат. (қылау).
9. Жер бетіндегі ауаның горизонталь бағытта бір жерден екінші жерге ауысуы. ( жел).
10. Желбағар биіктігі қанша метрге орнатылады. (10 - 12м).
2. Сәйкестік тест
1. Атмосфера а) тропосфера
2. Озон газы ә) Озон қабаты
3. Азот б) 21%
4. Стратосферадағы маңызды қабат в) ауа қабаты
5. Оттегі г) стратосфера
6. Ауа райы түзіледі д) 78%

1 - в, 2 - г, 3 - д, 4 - ә, 5 - б, 6 - а.
3. Мені түсін . Бұл ойында атмосфераға қатысты құрал - жабдықтардың суреттері беріледі. Оқушылар олардың қандай аспап екенін табу керек.

4. Жұмбақтар шешу.
Ұстасаң, қолға ілінбес
Қарасаң, көзге түспес. (ауа).
Ол келсе орман шулайды
Толқын теңіз тулайды.
Қуса өзен қуады,
Ешкім оны қумайды (жел).
Қанатсыз құс маңып барады,
Көзінен жас тамып барады. (бұлт).
5. Қазақтың ауа райы туралы халықтық болжамдарынан мысал келтіру.
1. Қыста торғайлар ұясына мамық таси бастаса, күн кенет қатты суытады.
2. Жаңбыр сіркіреп тұрғанда тауықтар далада жем іздеп жүрсе, онда ақ жаңбыр болады, яғни ұзаққа созылады.
3. Мал кешке таман бір бағытта күйсеп жатса, келер күні сол жатқан жел не боран соғады.
4. Тышқан інін суға жақын қазса, сол жылы құрғақшылық.
5. Қатты жел, дауыл алдында құмырсқалар әбігерленіп, мазасыздана бастайды.
6. Күн ерте күркіресе ол жауын-шашынның мол болатынының белгісі.

7. Қорытынды.
Балалар атмосфера тарауында не оқып білдік, қорытындылайық. Сонымен атмосфера қабатының қандай маңызы бар?
- Ауа қабығы болмаса, жер бетінің температурасы айдағы сияқты күн мен түннің арасында өте үлкен мөлшерде ауытқып тұрар еді.
- Күндіз тіктеп түскен күн сәулесі жер бетіндегі заттардың бәрін бірден күйдіріп жіберер еді.
- Керісінше, түндегі суық 100°С асып кетер еді.
- Атмосфера күн сәулесін шашыратып тарататындықтан, күндіз жер беті өте қатты қызып кетпейді, түнде ауа қабаты жылуды ұстап тұрады да, жер бетін қатты салқындаудан сақтайды.
- Атмосфераның төменгі қабатында бұлт үйіріліп, жауын – шашын жауады.
- Жерге кеңістіктен метеориттер үздіксіз ұшып келіп жатады, бірақ олар ауада жанып кетеді. Атмосфера болмаса, метеориттер жерді үздіксіз соққылап жатар еді.
8. Атмосфера тарауына арналған диктант
1. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал.... (барометр)
2. 23, 5° с. е. пен 23, 5° о. е. параллельдері.... деп аталады. (тропиктер)
3. Жылына бағытын екі рет өзгертетін жел.... (муссон)
4..... салыстырмалы ылғалдылықты өлшейді. (шаш гигрометрімен)
5. Бұлттардың аспанды торлауы... деп аталады. (бұлттылық)
6. Атмосфералық жауын – шашын... түрде кездеседі. (қатты және сұйық)
7. Жер шары... жылу белдеуіне бөлінеді. (бес)
8. Бриз сөзі... деген мағына береді. (жеңіл жел)
9. Қалыпты атмосфералық қысым... тең. (760 мм сынап бағанасына)
10. Ауа температурасы әр 100 метрге биіктегенде.... төмендейді. (0, 6°)
9. Бағалау
10. Үйге тапсырма. Тарауды қайталау, тест құрастыру.


Скачать


zharar.kz