Бастауыш сынып мұғалімі Джанасова Сания Жанболатовна
Тақырыбы: Көлем. Көлем бірлігі - см ³( куб сантиметр).
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушыларды сыйымдылықпен және көлеммен таныстыру. Көлемнің өлшем бірліктерін 1 л, 1 см3 енгізу.
Дамытушылығы: есептеу дағдыларын қалыптастыру, көлемді табу, есептерді шығару біліктерін дамыту.
Тәрбиелігі: меңгерген математикалық білімдерін өмірде қолдануға жан - жақты дайындауды жүзеге асыру.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру.
Сабақтың көрнекілігі: флипчарт
Сабақтың әдіс - тәсілдері: топтық, сұрақ – жауап, практикалық, талдау, көрнекілік, жекелеме.
Пәнаралық байланыс: дүниетану.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Топтарға бөлу.
Психологиялық дайындық.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан әр күнге.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
№4. Есептерді шығар.
а) Тік төртбұрыш тәріздес бөлме еденінің ауданын тап. Бөлме еденінің ұзындығы 6 м, ал ені 4 м.
ә) Тік төртбұрыш тәріздес бөлме еденінің ауданын өрнек түрінде жазып көрсет. Оның ұзындығы 6 м, ал ені х м.
б) Тік төртбұрыш тәріздес сынып бөлмесі еденінің ені 5 м, ал ауданы 30м2. Оның ұзындығын тап.
- Аудан дегеніміз не?
- Ауданды қалай табамыз?
- Ауданның өлшем бірліктерін ата.