Балаларға қыс мезгілінің қызықты екенін түсіндіру

Скачать

Қызылорда облысы, Сырдария ауданы,
Тереңөзек кенті, №210 О. Әбілпаттаев атындағы
Толық емес шағын орталық тобының тәрбиешісі
Конырбаева Орынгул Султанбековна

Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: Аққала.
Оқу іс - әрекетінің мақсаты: Балаларға қыс мезгілінің қызықты екенін түсіндіру. Қардан аққала соғып, қар қамалдар тұрғызуға болатынын үйрету.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, әңгімелеу.
Оқу іс - әрекетінің көрнекілігі: Аққаланың, аққала соғып жатқан балалардың суреттері.
Оқу іс - әрекетінің барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бір - біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Психологиялық дайындық:
Бала, бала баламыз,
Мектепке біз барамыз.
Күні бойы қызыққа,
Батамызда қаламыз.

Қызық мәлімет
Қыстың көркі – қар демекші, жер дүниені аппақ қар орап жатқан олардың да өзіндік әсемдіктері бар, өзіне ғана тән ерекшеліктері жетерлік
Уилсон Бетрлей деген ғалым ХIХ ғасырда 46 жыл бойы Фотомикровик фотоаппараты арқылы қар түйіршіктерін түсіріпті, артынан Қар түйіршіктері атты кітабын жазған. Ол түсірген 5300 суреттің ішінен бір - біріне ұқсамайтын екі суреттің кездеспегенін, қардың түйіршігі алты бұрышты болып келетінін таңғала айтады. Осы алты бұрышты геометриялы пішінде болуында, сондай - ақ бір - біріне ұқсамауында Ұлы Жаратушымыздың құпиясы, ғибраты жатқан тәрізді. Алты бұрышты болуынан оның ғарыштың шағын пішінін меңзеп тұрғанын түсінуге болады. Мұндай алты бұрыштар тек қарда ғана емес, ара ұяларында да кездеседі. Ал олар қалай пайда болады, бұл әзірге жұмбағы көп мәселе
- Ендеше болашақта қар ұлпасын, болмаса араның ұясын зерттемейтін десеңдер, бұл әлі ешкімге сырын ашпаған ғылым екен. Ойланыңдар!

Қар барлық елде барма?
Сендер сияқты барлық елдің балалары ойнай ала ма?
Әлде қарды өмірде көрмеген балалар барма екен? картамен глобуспен жұмыс.
Қармен ойналатын ойын түрлерін ата?
Қыста далада өмір сүретін жансыз адам?
Аққала
Оны жасайтын қар қандай болу керек? мамық, қасат ұлпа.

Жаңа сабақ: Аққала

Өлеңді мәнерлеп оқу

Аққаланың сұрағы:
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі неше айдан тұрады?
- Қыста қардан не жасауға болады?
- Қыста жерде не жатады?
- Қардан не жасауға болады?
- Аққала соғып көрдің бе?
Қыстың, әр үйдің ауласының сәнін келтіретін, қардан жасалатын не нәрсе бар?
Аққала қардан домаланып жасалады. Негізгі үш бөлігін бірінің үстіне бірін қояды. Көзін тастан, мұрнын сәбізден, қолына сыпырғыш ілгегін тастан, аузын ағаштан басына шелек кигізу арқылы жасайды. Балалар шаршадық па, шаршасақ қолымызға сергіту сәтін жасайық.

Ал енді аққаланы жапсырайық.
Аққаланы барлығымыз жапсырып болдық па?
Олай болса аққала туралы қандай өлең білетін едік айтып жіберейі
Аққала өлеңін жатттау.
Ауыл алды ақша қар,
Ақша қарда балалар
Соғып жатыр аққала.

Дидактикалық ойын: Аққала құрастыр .
Ойын шарты: Әртүрлі қиып дайындалған геометриялық қиындылардан аққала құрастыру керек.

Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмады. Көз алдарына топ алаңын, онда соққан аққаланы елестетеді.
Аққаламыз қандай әдемі! Көзімізді ашамыз. Көңіл күйлерің қалай болды?

Дәптермен жұмыс: Өздері соққан аққаланың суретін салады.
Жұмбақты шеш.
Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.

Қыста қардан туатын,
Тауып көрші сен оны. (Аққала)
Сергіту сәті: Аула сырты, баққа да
Тұрғызамыз аққала.
Аққаланы айналып,
Би билейміз шаттана. (Қимылмен көрсетеді).
Қорытынды:
- Аққаланы неден соғамыз?
- Қардан қолымыз жаурамас үшін не киеміз?
Ескерту: Суық тиіп қалмас үшін қалың киіну керек
Сау болыңыздар!
Күтілетін нәтиже:
Білу: қыс мезгілі туралы, аққала туралы білді.

Игеру: аққаланың қардан жасалатындығын, мұрнының сәбізден аузының ағаштан, көзінің, ілгегінің тастан жасалатындығын, қолына сыпырғыш ұстатып қоятындығын, басына шелек кигізетіндігін меңгерді.
Меңгеру: аққала жапсырудың ережесін білді.

Слайдын жүктеу


Скачать


zharar.kz