Қамар сұлу романының кейіпкерлерінің бейнесін ашу

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Қамар сұлу романындағы кейіпкерлер келбеті
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: С. Торайғыровтың шығармашылығының идеялық - эстетикалық мұраты мен табысына тоқталу. Романның негізгі оқиғаларын басшылыққа ала отырып, кейіпкерлер бейнелерін сомдау;
Тәрбиелік: Кейіпкерлердің іс - әрекеті арқылы адамгершілікке, мейірімділікке, білімге ұмтылуға, сана - сезімінің өркендеуіне тәрбиелеу.
Дамытушылық: Жеке тұлға ретінде оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін дамыту. Шебер де шешен, өткір сөйлей білуге машықтандыру;
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақ типі: іздендіру сабағы
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, баяндау, мәтінмен жұмыс, талдау,, тұжырым кестесі, проблемалық сұрақ.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгелдеу, дайындығына назар аудару.
2. Үй тапсырмасын сұрау. С. Торайғыров. Қамар сұлу романының кейіпкерлерінің бейнесін ашу.
С. Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы. Сұрақ - жауап кезеңі:
• Ақын өмір сүрген жылдар?
• Ақынның біліммен сусындаған Білім Ордалары туралы баянда.
• Ақынның қандай жинақтары жоғалып кеткен?
• Ақын поэмаларын атаңдар.
• Алаш ардагерлері туралы не білесің, оның ақын өмірінде қандай орны болды?
• Таныстыру поэмасы арқылы ақын кімдерді таныстырады?
• Айқап деген сөз қандай ойға жетелейді және Сұлтанмахмұттың қандай мақалаларын білесіңдер?
• Сұлтанмахмұттың қандай романдарын білесіңдер?
• Қамар сұлу романы көтерген әлеуметтік мәселе қандай?
• Шығарма неліктен Қамар сұлу деп аталған?

3. Үй тапсырмасын бекіту мақсатында С. Торайғыровтың Қамар сұлу романының мазмұны жағынан талдау жұмысын орындалады.
Әр бөлімге қысқаша сипаттама беру тапсырылады.
1 - бөлім. Жігітті ел мақтаған қыз жақтаған...
2 - бөлім. Сүйіспеншілік сезімнің қарлығаштары
3 - бөлім. Күндестік оты жанғанда
4 - бөлім. Жорға Нұрым. Омбы асқан Ахмет
5 - бөлім. Қырын келген құдалық
6 - бөлім. От ортасында ойрандалған Омар
7 - бөлім. Қайғыдан қан жұтқан Қамар
8 - бөлім. Зұлымдық - надандықтың басты белгісі
9 - бөлім. Құрбандыққа шалынған жастар

4. Үй тапсырмасын қорыту мақсатында Романнан алған әсерім оқушылар ой бөліседі.

5. Жаңа сабақ.
- Міне, балалар, біз роман мазмұнымен таныстық. Енді романдағы кейіпкерлердің
іс - әрекетіне қарап, жан - жақты ой саралап көрейікші.
6. Жаңа сабақты бекіту мақсатында шығарманы кейіпкерлер әлеміне талдау жүргіземін.
1. Шығармадағы адамдардың тұрмыстық жай - күйлері қалай берілген? Әңгімеле
2. Роман кейіпкерлеріне талдау жаса
3. Нұрым - қандай адам?
4. Қамар мен Ахметтің қосылмау себебі неде?
5. Сол замандағы бақсы - балгерлердің іс - әрекеті романда қалай берілген?

7. Проблемалық сұрақ. Романда кездесетін қарама - қайшылықтар осы заманда кездесе ме? Кездессе, қандай түрде? Неліктен қатігездік - надандық белгісіне саналады?
Қазіргі заман туралы (ауызша) ой толға.

8. Тапсырмалар. Көркем шығарма мәтінімен жұмыс.
9. Жаңа сабақты пысықтау мақсатында Тұжырым кестесін толтыртамын.
Кейіпкерлері ------------------ Адами қасиеттері ------------- Іс - әрекеттері
Қамар
Ахмет
Омар
Жорға Нұрым
Оспан би
Қалтан қажы

10. Кейіпкерлер портретін қалай береді?
• Қамар
• Ахмет
• Нұрым

11. Модельдеу әдістемесі
І. Шығарма тақырыбы: Әлеуметтік теңсіздік, әйел теңсіздігі
ІІ. Шығарма идеясы: Қазақ жастарының бас бостандығы, қыздарды қалың малға сатуды әшкерелеу
ІІІ. Шығармадағы негізгі кейіпкерлер: Қамар, Ахмет, Омар, Нұрым
ІҮ. Шығармадағы қосалқы кейіпкерлер: Қалтан, Оспан, Қасен, Жәуке, Жұмабай, Бәтек молда
Ү. Шығарма жазылған әдеби бағыт: сыншыл реализм, жанры - проза, поэзия+проза

ҮІ. Шығармадағы монологтарды тапқызу.
Ахметті сүйемін - ақ, сүйгенім үшін күйемін - ақ,
Ал енді шыдамадым... қараландым...
Ойдағым келді ме, жылы жауап берді ме,
Қамар мені сүйді ме, сүйгендіктен күйді ме?...
- Монолог кімдікі, қандай жағдайда айтылған?

ҮІІ. Шығарманың көркемдік ерекшелігі
ҮІІІ. Шығармадағы суреттелетін салт - дәстүр: Атастыру, қызды қалың малға сату, жар - жар, үшкіру, кәде беру

ІХ. Қолданылған мақал - мәтелдер:
Соқыр тауыққа бәрі бидай , Таң атпайын десе де, күн қоймайды , Кәріліктің алды жігіттіктің соңы , арсызға алты күн мейрам , Суға кеткен тал қармайды , Теңі келсе, тегін бер , Алдыңғы арба қайда жүрсе, соңғы арба сонда жүреді , Бір тойған – шала байығандық , Жалғыз қаздың үні шықпас, жалғыздың шаңы шықпас , Соқырдың қолына, саңыраудың жолына түспе , Жақсыдан жаман туса, емі болмас, жаманнан жақсы туса, теңі болмас , Ит үрді, керуен көшті , Бастан құлақ садақа .

ХІІ. Шығарма құрылысы:
1. Басталуы: Қамарды суреттеуі, Қамар мен Ахметтің кездесуі;
2. Дамуы: Ғашықтық сезім, хаттарға берілген жауап;
3. Шиеленісуі: Олардың әлеуметтік жағынан сәйкес келмеуі, күндестікке толы ауылдағы өсек, қудаланған Ахметтің оқуға кетуі
4. Оқиғаның байланысы. Нұрымның әйелі қайтыс болуы, Нұрымның Қамарға кісі жіберуі
5. Шарықтау шегі: Қамардың зорлықпен ұзатылуы, науқастануы
6. Шешімі: Ахметпен кездесуі, өлімі
Қорытынды. Барлық ойды түйіндеу, оқушыларға ой тастау
Бағалау. Үйге тапсырма: Ойтолғау жазып келу.


Скачать


zharar.kz