Иілмей қайтпайтығын қайсарлығың, Шешуін таба алмады тайсалды үнім

Скачать

Сырымды айта алмадым

Айта алмадым, сырымды айта алмадым,
Осы болды - ау көңілді қайтарғаның.
Дірілін ділмар тілек сездің білем,
Ботадай желідегі жаутаңдадым.

Жаутаңдадым сезімің отты келді,
Сөнбеді үмітімнің шоқты лебі.
Ақ тамақ, айшық келген аршалы төс,
Аңызақ шөлім болып кептіреді.

Иілмей қайтпайтығын қайсарлығың,
Шешуін таба алмады тайсалды үнім.
Бірбеткей өр мінезің кете барды,
Жеңіліп қала берді жайсаңдығым


Скачать


zharar.kz