Егемен тобына

Скачать

Мұғалім сөзі:
- Қазақстанның өткен тарихы - ата - бабаларымыздың еркіндік пен болашақ бақыты үшін соның жолындағы ұзақ та ауыр күрестің тарихы. Тәуелсіздік бұл оңай келген жоқ. Бұл - ұзақ жылғы азапты, отты жылдардың жемісі еді. Елбасы Н. Назарбаевтың Бостандық пен Тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып, ұрпақтан ұрпаққа қалдыру қажет - деген сөзін әрқашан есімізден шығармауымыз қажет. Егеменді еліміздің ертеңі - сіз бен біздерміз. Кешегі өткен от ауызды шешен, билеріміздің, етігімен су кешкен ерлеріміздің айбынды күштерімен сақтап қалған, бүгін тәуелсіз атанған Қазақстанды, жаңа ғасырдағы атамекенімізді мәңгі қастерлеу, өз Отанымыздың лайықты азаматы болу - бәріміздің қасиетті борышымыз.
Ұлы аманат етейік еркіндікті,
Ел құлдықты білмесін, жер күңдікті.
Аңсаймын мен, сенемін, туады ертең,
Қазақ болу – зор бақыт дер күн жетті - деп, ақын жырлағандай
Егемендік – ежелден ел тілегі атты интеллектуалды ойынымызды бастаймыз!
І топ – Тәуелсіздік
Таныған соң оң менен солымызды,
Тәуелсіздік деп айдарлап тобымызды.
Білім шыңдап, бақ сынау мақсатымыз,
Жеңіспенен шықса дейміз жақсы атымыз – деп отырған
Тәуелсіздік тобының мүшелерін шақырамыз.
ІІ топ – Егемен
Сайыста біз танытпаймыз өр қылық,
Тәуекел - деп сайысамыз бел буып,
Егеменбіз күллі әлемге танылған.
Байтақ елміз күн нұрына шомылған, - деп отырған
Егемен тобының мүшелерін шақырамыз.

Ойын 6 кезеңнен тұрады:
І кезең Тәуелсіз елдің - ұланы
ІІ кезең Қазақстан - Ғажапстан
ІІІ кезең Рәміздерім - мақтанышым
ІV кезең Теңге - Қазақстанның ұлттық валютасы
V кезең Арман қала - Астана
VІ кезең Халқы өскен ел - құдіретті

І кезең Тәуелсіз елдің ұланы (Топ басшылары бақ сынайды)
Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
Меридиан сызықтары глобус бетін шарлайды,
Керек болса ол бүгін білім төріне самғайды.
Бүгінгі өткізілген ойынында
Қиын сұрақ топ басшысын тайсалдыра алмайды.

Тәуелсіздік тобына қойылатын сұрақтар:
1. Қазақстан жерінің аумағы? 2, 7 млн км2
2. Қазақстанның батыстан шығысқа дейінгі ұзындығы? 3000км
3. Қазақстанмен ең ұзақ шекаралас ел? Ресей
4. Қазақстан қай жылы ТМД - ға мүше болды? 1991 ж 21 желтоқсан
5. Қазақстанда неше облыс бар? 14

Егемен тобына
1. Қазақстан жерінің аумағы бойынша дүние жүзінде нешінші орын алады? 9
2. Қазақстанның солтүстіктен оңтүстікке дейінгі ұзындығы? 1600км
3. Қазақстанмен ең қысқа шекаралас ел? Түркіменстан
4. Қазақстан қай жылы БҰҰ - на мүше болды? 1992ж 2 наурыз
5. Қазақстанда неше аудан бар? 160

ІІ кезең Қазақстан - Ғажапстан
1991 жылдың 10 желтоқсанында Жоғарғы Кеңес бұрынғы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп атау туралы шешім қабылдады.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Тек осы кезден бастап қана Қазақстан әлемдік аренаға халықаралық құқықтың толыққанды субьектісі ретінде шықты. 1991 жылдың соңына дейін 2 апта ішінде Қазақстан тәуелсіздігін 18 мемлекет танып үлгерді, олардың ішінде Түркия, АҚШ, Қытай, Германия т. б мемлекеттер бар. Сөйтіп, әлемнің саяси картасында Қазақстан атауы пайда болды.
Тәуелсіздік тобына
Қазақстан атауының әр әрпінен басталатын Қазақстанның 9 қаласын атау
бір қаланы атауға болмайды, әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады..
Егемен тобына
Қазақстан атауының әр әрпінен басталатын Қазақстанның 9 өзен - көлдерін атау
бір өзен - көлді атауға болмайды, әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.


Скачать


zharar.kz