Сабақтың тақырыбы: Жасушаның бөлінуі. Митоз
Сабақтың мақсаты: Жасушаның бөлінуін және бұл кезде жүретін жасушаішілік процестердің себептерін түсіндіру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік - оқушыларды митоздық көбеюдің сатыларымен, ерекшеліктерімен, маңызымен таныстыру, білімін арттыру, түсінігін кеңейту.
Тәрбиелік – оқушыларды ізденімпаздыққа, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу, дүниетанымын, қоршаған ортаға көзқарасын қалыптастыру.
Дамытушылық – оқушыларды сабаққа белсенділігін арттыру, ойлау, саралау, жүйелеуге бейімділіктерін дағдыландыру.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайдтар, бағалау парағы.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру сабағы.
Әдіс - тәсілдер: АКТ, СТО стратегиялары, тірек - сызба.
Пәнаралық байланыс: математика, химия, география, физика, қазақ әдебиеті.
Сабақтың барысы:
I. Қызығушылығын ояту.
Ассоциациялау стратегиясын қолдану
Бейне сұрақтар.
• Жасуша ядросын кім және қашан ашты?
• Эндоплазмалық тордың қандай түрлері болады?
• Тек қана жануар жасушасында болатын органоид?
• Митохондрияның ішкі жарғақшасының қатпарлары қалай аталады?
• Тұқым қуалау ақпаратын сақтау және жеткізіп беру, нәруыз биосинтезіне басшылық жасайтын органоид?
• Құстың эритроциттері - бір жылға жуық, тасбақада бірнеше жыл, адамда бар болғаны 3 - 4 ай ғана өмір сүреді. Неге?
• 9 - кластың электрондық оқулығы бойынша зертханалық жұмыс №8. Жануар жасушаның құрылысы
• Оқушылар жануар жасушасының органоидтерін суреттен көрсетіп, атқаратын қызметін айтады және тексереді.
II. Мағынаны тану. Кубизм стратегиясы бойынша класс оқушылары 6 - топқа бөлініп, тапсырмаларын орындайды.
I - топ – Цитоплазма тобы – Митоз процесін сипаттап, слайдтарын көрсетеді.
Бөліну нәтижесінде пайда болған жасушаның тіршілігі тоқтағанға дейінгі немесе оның келесі бөлінуіне дейінгі кезеңі тіршілік циклі болады.
ДНҚ синтезі бактерияларда бірнеше минут, сүтқоректілерге 6 - 12 сағатқа созылып жүреді.
II - топ оқушылары Ядро тобы Жасушаның бөлінуі кезеңдерін салыстырады.
III - топ оқушылары Рибосомалар - ұсыныстар айтады.
Митоздық бөліну нәтижесінде түзілген жасушалардың хромосома жиынтығының саны өзгермейді, ол әрқашанда диплоидті болады.
Митоз әрекетінің зақымдануынан хромосомалар санында ауытқулар болады, олар көбейеді немесе азаяды, хромосомалар санының ауытқуына байланысты жасуша үлкен өзгеріске ұшырайды. Жасуша тіршілігін жояды немесе мутация пайда болады.
Ұсыныстар: Митоз әрекетінің зақымдануы қандай себептерден болатынын анықтау, эмбриондық даму кезеңде зақымданған жасушаларды толық зерттеу, жасуша бөліну кезінде өзгеріске ұшыраған өсімдіктердің пайдасын немесе зиянын анықтауға т.б.
ІV – топ оқушылары - Гольджи аппараты , митоз процесін дәлелдеді.
Тірі ағзалар ұрпақтарын жер бетінде қалдыру арқылы сол түр сақталып отырады.
Ағзалардың көбеюі мен жеке дамуы жасаушаның бөлінуіне негізделген.
1874 ж. И. Д. Чистяков өсімдік жасушасының бөлінуі туралы айтты. 1831 ж. жасуша ядросын алғашқы байқаған Р. Брауннан бастап – ақ жер жүзіндегі басқа елдің биологтары да ядроның маңызын ашуға тырысты. Солардың бірі неміс цитологы В. Флеминг. ол 1882 ж. жасуша бөліну кезіндегі ядрода болатын әрқилы құбылыстарды байқап және оларды сипатта келіп, оған митоз, яғни ядроның күрделі бөлінуі деп ат берді. Жасушалардың эмбриондық дамуын, өсуін, түзілуін және жас жасушалар арасында тұқымқуалау ақпараттарының көлемі мен құрамы жағынан тең берілуін қамтамасыз ететін де митоз. Сонымен қатар зақымданған мүшелер мен ұлпалардың қайта қалпына келуі сияқты тіршілік үшін маңызды құбылыстар да жасушаның бөлінуіне байланысты. Мұны митоздық циклде – аналық жасушадағы тұқым қуалау материалының екі еселеуі мен осы материалдың жаңа ұрпақ жасушаларының арасында тең бөлінуінен көруге болады.
V – топ оқушылары – Лизосомалар - жасушаның бөлінуі туралы ертегі құрастырып, оны сахналап көрсетті.
Ертегі
Әлемдегі өте кішкене ел бар. Оны тек микроскоп арқылы көруге болады. Бұл ел жасуша деп аталады. Оның тұрғындарын органоидтер дейді. Органоидтері барлығы тату – тәтті өмір сүрді. Олардың әрқайсысының атқаратын қызметтері бар. жасушаның үкімет бастығы – ДНК.
ДНК – сарайда өмір сүрді. сарай дегеніміз ядро жағақшасы деп аталатын қорған қамал қорғайды. Бір күні ел көбеюге дайындалады, ол дайындығы – интерфаза деп аталады. Бұл кезде ішіндегі тұрғындар саны көбейді, үкімет бастығы ДНК екі еселенді. Сонда кейін нағыз бөліну – митоз басталды.
Митоз кезеңдерін оқушылар өздері қолмен жасалған бұйымдар арқылы көрсетті.
VІ – топ оқушылары – индоплазмалық тор қорытынды жасап, митоздың мәнін айтты.
Митоздың биологиялық маңызы.
Ұрпақтан – ұрпаққа тұқым қуалау материалының тұрақты сақталуын қамтамасыз етеді.
Хромосомалар саны тұрақты сақталады.
Ұрпақтық даму, өсу, жарақаттанған ұлпалар қалпына келуі.
Жойылған орнына жаңа жасушалардың түзілуі.
Нәтижесінде диплойдты жиынтығы бар жасушалар түзіледі.
ІІІ Ой толғаныс
Синквейн стратегиясы
Митоз
Күрделі, қажетті
Дайындалды, көбейді, түзелді.
Митоз – дене жасушаларының бөлінуі
Цитокинтез
Бекіту.
1. Жасушаның бөліну кезіндегі дайындығы?
2. Жіп сөзінің синонимі;
3. Аяқталуды білдіретін фаза;
4, Жыныс жасушалары түзелу үшін бөлінуі;
5. Жасушаның бөлінуі;
Үйге тапсырма:§ 9 оқу
Бағалау: