Мадақ жыры

Скачать

Қазақ әдебиеті 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазтуған жырау
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: оқушыларға ХҮ ғасырдың жырауы Қазтуған Сүйінішұлы туралы, оның толғаулары туралы толық мағлұмат беру.
ә) Тәрбиелік: жырау өлеңдерін, толғауларын оқыта отырып, Отаны, ата - анасына деген ыстық махаббат және туған жерге деген қимас сезім қалыптастыру.
б) Дамытушылық: оқушыларды танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тақырыпты меңгере отырып, одан әрі дамуына мүмкіндік беру.
Сабақтың түрі: Дамыта оқыту элементтерін пайдалану.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндірмелі, баяндау.
Көрнекілігі: Қ. Бітібаева Әдебиетті тереңдетіп оқыту , Бес ғасыр жырлайды. І том. Интерактивті тақта. Үнтаспа.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 1. Асан қайғы. Бұл заманда не ғаріп , Есті көрсең, кем деме , Көлде жүрген қоңыр қаз толғауы.
2. Еділ бол да, Жайық бол өлеңін жатқа сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ.
1 Қазтуғанның туып өскен жері қазіргі Қызылжар қаласының маңайы, Бодан(Бозан) өзендерінің бойы. Қазтуғанды артындағы ұрпақтарының қадірлейтіні сонша, Мұрат ақын, Мұрын жыраулар жырлаған Қазтуған , Қарға бойлы Қазтуған атты толғау - поэмалардан көруге болады. Қазтуғанның нәзік лирик, әрі ірі эпик, жорық жырауы болғандығы туралы әңгімелеу.
2. Қазтуған жырларына әдеби талдау.
а Мадақ жыры :
- Жырдың өзіне арнауы, мадақтың сипаты.
- Жырдың сұлу, поэтикалық тілі, поэтикалық ғажайып суреттеу тәсілдерінің шеберлігі. Өз бейнесін сомдауда таза, қазақи ұлттық бояуы қолданылуы. Мысалы: Мұздай көбе , Қойдың көсемі , Орданың сынығы т. с. с.
- Теңеу, метафораның маңызы. Мысалы: сұлтандайын теңеу , бұта шайнар азу метафора т. с. с.
ә қоштасу жыры
Алаң да алаң, алаң жұрт .
- Толғаудағы Отаны, ата - анасына деген ыстық махаббат. Туған жерге деген қимас сезім.
- Толғаудың лирикалық сипаты.
- Толғауда шаттану, мақтану, әрі нәзік мұңның астаса келуі, элегиялық сарын қоштасу сарыны
- Лирикалық кейіпкер - елін сүйетін хас ұлы, патриоты.
- Толғауда дала табиғатының соншама таза, соншама мөлдір қалпында жырлануы.
- Сұлу суреттегі теңеулерінің маңызы мен мәні. Мысалы: Қарғадай Қазтуған , Боз сазаны тоқтыдай .
- Басқы, соңғы ұйқастардың астаса келуі, өлең құрылысындағы дыбыстар әуені. Ылғи ж , б , а дыбыстарының келуі.

4. Үнтаспадан Бекболат Тілеухановтың орындауында Қазтуғанның Алаң да алаң, алаң жұрт толғауын тыңдау. Оқушыларға оқыту. Әдеби талдау жүргізу.
Түсініксіз сөздермен жұмыс
Жабысы – қазақ жылқысының байырғы қарабайыр тұқымы.
Жабағы – 6 ай мен 1 жас аралығындағы тай.
Батташығы – шатырма гүлділер тұқымдасына жататын тамыры сәбізге ұқсас, көп жылдық шөптесін өсімдік..
Кежі – үйдің бір түрі.

ІҮ. Бекіту.
1. Қазтуған жырының маңызы. Қиял байлығы суреттеу шеберлігі таза ұлттық рух, ұлттық тіл тазалығы.
2. Қазтуған толғауы - орта ғасырлық әдебиеттің алтын мұрасы - жыраулықтың тамаша үлгіде екендігі.
Y. Бағалау
ҮI. Үйге тапсырма: Қазтуған жыраудың өмірін оқып, Алаң да алаң, алаң жұрт өлеңін жаттауға.


Скачать


zharar.kz