Біреуді жақсы көрген қандай жақсы - нұрланып кетеді екен бар айналаң

Скачать

Фариза Оңғарсынова өлеңі

Өмірің таңдай болса арайлаған,
қатыгез қараулыққа жолай ма адам?
Біреуді жақсы көрген қандай жақсы -
нұрланып кетеді екен бар айналаң!
Қайырмасы:
Жақсы көру, жақсы көру,
не деген керемет ең!
Өмірді сезінуге,
қуанып қөз ілуге
адамға жақсы көру керек екен.
Дидарың аумайды екен жарық күннен,
ғашық боп қалғанымды жаңа ұқтым мен.
Келбетің көз алдымда, ойымда сен,
өзіңді жақсы көріп қалыппын мен.
Қайырмасы.
Ешкімге содан бері алаңдамай,
жүрегім жанарыңа қамалғаны - ай!
Ғажайып күй кештірген сезім - сәуле
өзімді жетелейді саған қарай.
Қайырмасы.


Скачать


zharar.kz