Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік атты ертеңгілік
Музыка ойналады, балалардың қолдарына жалаушалар ұстан залға кіреді..
Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар!
Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік атты ертеңгілік атты ертеңгілігімізге
қош келдіңіздер!
Амандасу. хормен
Армысыз қайырымды Аспан – ата!
Армысыз, мейірімді Жер - ана!
Армысыз, шұғылалы нұрлы күн!
Армысыз, балабақша, дос жаран!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар мен апайлар!
Күндер өтті кешегі,
Жігер құм боп жасыған.
Несіне оны жасырам?
Гимніміз бүгінгі,
Баға жетпес асыл ән.
Хор: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні
Менің Қазақстаным!
Сөзін жазғандар: Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев.
Әнін жазған: Ш. Қалдаяқов.
Жүргізуші: Бүгін Тәуелсіз ел деп Отанымыздың жасампаз болуын, ана тіліміздің киелі болуын, тарихымыздың жүйелі болуын ұлықтаймыз. Біз бүгін тәуелсіз ел деп ұлының ұлағатты, қызының инабатты, халқының салауатты болуына барлық мүмкіндіктерді жолдайтын мемлекетімізді мақтан етеміз. Ендеше, Тәуелсіздік – біздің бас ұранымыз, көгілдір Туымыз – біздің болашақ бағымыз, нұрлы таңымыз.
Т:- Балалар, Қазақстан қандай ел?
Б:- Егеменді, Тәуелсіз мемлекет.
Т: Тәуелсіздігіміздің арқасында ұлттық рәміздер пайда болды.
- Еліміздің рәміздерін кім атап береді?
Б: Ту, Елтаңба, Әнұран.
Т:- Елордамыз қалай аталады?
Б:- Астана қаласы.
Т:- Қазақ елін кім басқарады?
Б:- Н. Назарбаев
Т:- Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?
Б:- Орыс, неміс, қытай, өзбек, шешен. т б.
Тақпақтар:
Туымызға көгілдір,
Бір қарамай өтпейміз.
Сол көк Тудың астында,
Көгереміз, көктейміз.
Мереке бүгін ұлы күн,
Бабалар рухы көксеген.
Азатты елдің ұлымын,
Теңескен төбем көкпенен.
Шаңырақтың шаттығы,
Асқақтатып тұр мұны.
Елтаңбасы елімнің,
Елдің тыныш тірлігі.