Еліміздің болашағы - бүгінгі жастар

Скачать

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңында Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар,ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу - деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген. Әлемдік білім беру кеңістігіне қадам басқан еліміздің білім беру жүйесі қазіргі кезде жаңаша көзқарасты, қол жеткен табыстарды сын көзбен саралауды, жастардың шығармашылық әлеуметін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі - маңызды мәселелерінің бірі.

Елбасы Қазақстан-2030 стратегиялық даму жоспарында: Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағын жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып,қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады - деп көрсеткендей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш - білімде. Еліміздің болашағы - бүгінгі жастар. Олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту және тәрбиелеу – басты мақсат.


Скачать


zharar.kz