Косинустар теоремасын меңгерту

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Косинустар теоремасы
Сабақ мақсаты:
а) Білімділік: Косинустар теоремасын меңгерту. Тригонометриялық функциялардың анықтамаларын меңгеру.
ә) Дамытушылық: Синустар және косинустар теоремаларын есептер шығаруда қолдана білуді үйрету.
б) Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, ізденпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: Дәстүрлі емес сабақ.
Сабақ типі: Білімді бекіту сабағы.
Сабақ көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірмелі карточкалар
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру
Оқушыларды түгелдеу және сабаққа дайындығын қадағалау, жұмбақ шешу.
Квадраттап қоссақ,
Жауабын тоссақ,
Бірге ғана тең боламыз.
Әйтпесе ылғи,
Басымызды шұлғи,
1 - ден кем боламыз
Кей кезде ғана
- 1 мен 1-ге тең боламыз.
Ойланып көрші,
Жауабын берші,
Қай функциялар боламыз.
(синус, косинус)
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген есепті және теореманың дәлелдеуін сұрау.
3. Тарихшылар тобын тыңдаймыз.
а) Пифагор және “жүз өгіз” теоремасы
б) Египет үшбұрышы
в) Косинус және синус
4. Тест тапсырмасын тексеру.


Скачать


zharar.kz