Технологиялық дайындық барысында оқушыларды экономикалық тәрбие және экологиялық мәдениетке қалыптастыру

Скачать

Технология 5 сынып
Тақырыбы: Технологиялық дайындық барысында оқушыларды экономикалық тәрбие және экологиялық мәдениетке қалыптастыру.
Мақсаты: Оқушының бойында өмірдің әлеуметтік экономикалық сұраныстары туралы түсінігін қалыптастыру;
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ жоспары
I Ұйымдастыру кезеңі
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
3. Топпен жұмыс
4 Шығармашылық жұмыс: Үйге тапсырма "Фитодизайн"
5 Қорытынды

Экологиялық мәдениет
Экологиялық мәдениет – жалпы дүниежүзілік мәдениеттің дамуының бір кезеңі және құрамдас бөлімі: адамзаттың өмірі мен болашақтағы дамуында
Экологиялық проблемалардың өзекті маңыздылығын баршаның тереңінен кәміл ұғынушылығымен сипатталады. Қоршаған ортаны немқұрайлықпен қараудың күйінішті тәжірибесі, химиялық ластанудан, шудан, дірілдерден, электромагниттік сәулелерден, радиациядан және т. б. болған ауруларды зерделеу экологиялық мәдениет санитарлық мәдениет ұғымдарын

Біріктіре ұғыну қажет екенін түсінуге себеп болды. Жалпы бұл мәдениеттің маңызды құрамдас бөлімдері өзара тығыз байланысты, сондықтан адамның атмосфера ауасына, табиғи суларға, жердің топырақ жамылғысына, өсімдіктер мен жануарларға қатысты шаруашылық және тұрмыстық қаракетінің санитарлық – экологиялық тұрғыдан мақсатқа сай болуын талап етеді.
Қазіргі таңда экологиялық дайындықтан өткен тәрбиешілердің жеткіліксіз

Болуына және оқу құралдары мен бағдарламалардың болмауына байланысты 323000 бала экологиялық тәрбие беру жүйесінен шет қалып отыр. Оқу процесінде пайдаланатын экология пәні бойынша оқулықтар мен оқу құралдары ескірген. Осы күнге дейін елімізде экологиялық білім берудің біртұтас бағдарламасы және экологиялық арнайы мектептер, гимназиялар, лицейлер жоқ деп айтуға болады.

Экологиялық тәрбие қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтып бірнеше деңгейлерде жүргізілуі керек. Жеке тұлғаның түзілуі негізінен отбасында жүреді. Сондықтан ата - ана баланың қоғамдағы негізгі мінез - құлық нормалармен қатар, экологиялық мәдениеттің де негіздерін үйрете бастауы керек. Көбінесе, балалардың экологиялық білімділігі ата - аналарының деңгейінен әлдеқайда жоғары. Ата - аналары мен балалары өздерінің зерттеулерінің нәтижелері бойынша, қоршаған ортаға ешқандай жамандық жасамай - ақ тіршілік ортасына белгілі бір дәрежеде зиян тигізіп жатқанымызды байқауға болады: қайта қалпына келмейтін табиғи ресурстарды оңды – солды шашудамыз, суды, ауаны ластаудамыз, көптеген тұрмыстық қоқыстарды шығарып жатырмыз. Табиғатты қорғауды өз үйіңнен бастауға болады – бұл суды үнемдеп жұмсау, оның ластануын төмендету, озон бұзатын заттары жоқ аэрозолдарды қолдану және т. б.

Сөйтіп, экологиялық мәдениеттің басы отбасында түзеле бастайды.
Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты:
Экологиялық тәрбиенің мақсаты – жастардың экологиялық көзқарасын, санасын, табиғатқа үлкен парасаттылық, жауапкершілік, қарым - қатынасын қалыптастыру. Осы тәрбие арқылы адамның мәдениеттілік сезімі, экологиялық санасы қалыптасады.
Технология сабақтарында да оқушыларға экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында жұмыстар жүргізіліп отырады. Мысалы,

Фитодизайн - тақырыбында оқушыларға табиғи материалдардан, өсімдіктерден көркем шығарма жұмыстарын орындаумен қатар, табиғатқа деген қамқорлық, саналы, сапалы іс, жоғарғы экологиялық мәдениетті қалыптастыру бірден – бір жолы болып табылатыны жайлы айтылады.
Табиғи материалдармен жұмыс жасау арқылы оқушылар шығармашылықтарын шыңдайды, табиғатты сүйеді, қадір тұтады.


Скачать


zharar.kz