Сөйлемдегі қимылды білдіретін сөздерді тауып жазу

Скачать

Ана тілі 1 - сынып
Тақырыбы: Бозша торғай. Заттың қимылын білдіретін сөздер
Мақсаты:
Білімділік: Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсінік беру, сұрақ қою арқылы сөйлем ішінен таба білуге үйрету;
Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту, қызығушылықтарын арттыру;
Тәрбиелік: Құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын.
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Көрнекіліктер және ТҚЖ: жеке сөздер жазылған карточкалар, бозторғайдың суреті, тірек сызба.
Қолданылатын технологиялар: ойын технологиясы
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың өту әдісі:

Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) психологиялық дайындық
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ.
а) оқулықпен жұмыс.
ә) қосымша мәлімет.
б) дәптермен жұмыс.
IV. Ойын.
V. Сабақты бекіту.
VI. Бағалау.
VII. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын түгелдей аудару мақсатында, сабақ былай басталады:
- Ал, балалар, бүгінгі көңіл күйлерің қалай?
- Сендер мына қолымдағы қызыл, сары, қоңыр гүлдің қайсысын таңдайсыңдар?
Қызыл гүлді көп таңдаған оқушылардың көңіл күйлері өте жақсы, ал қоңыр, сары гүлді таңдаса, онда көңіл күйлері орташа деген сөз.
Бүгінгі сабақта қызықты тапсырмалар орындасақ, көңіл күйлерің одан да жақсы болады.

II. Үй тапсырмасын тексеру.
Өзендер мәнерлеп кезекпен оқыту.
- Бас әріптен басталып жазылатын сөздерді есімізге түсіріп, ережесін айтайық.
- Ендеше, тақтадағы сигналды суреттерге сүйене отырып, ережені қайталаймыз.
1 - ші суретте Абай Құнанбайұлының бейнесі.
Адамның аты - жөні бас әріптен басталып жазылады: Ыбырай Алтынсарин.
2 - ші суретте қала, көл, тау бейнеленген.
Жер - су аттары бас әріптен басталып жазылады: Алатау, Тараз, Өскемен.
3 - ші суретте үй жануарлары берілген.
Үй хайуанаттары мен жануарларының аттары бас әріптен басталып жазылады: Құтжол, Құлагер.

III. Жаңа сабақ.
Ертеде Өнер деген елде бір суретші өмір сүріпті. Ол суретінде тек қана заттар мен адамдарды салады екен. Суретшінің суретін ешкім жоғары бағаламай қойыпты. Сонда ол үлкен қариядан ақыл сұрап келеді. Қария оған: - Егер, сен суреттеріңде заттардың қимылын бейнелесең, суретіне нәр кіріп, жан бітеді - деп ақылын айтады. Қане, балалар, суретшінің салған суретіндегі қимыл - қозғалыстарды табайық.
Ойын: Кім тапқыр?
Ойынның шарты: мұғалім суреттер көрсетіп отырады, оқушылар оған қимыл білдіретін сөзді қосып тіркес құрастырады.
- Балалар сендер қандай сөздерді айттыңдар?
- Заттың қимылын білдіретін сөздер.
- Дұрыс. Ендеше, бүгінгі тақырыбымыз, қандай сөздер?
- Заттың қимылын білдіретін сөздер.
- Заттың қимылын білдіретін сөздерге Не істеді? Қайтті? Не қылды? деген сұрақтар қойылады. Мысалы: жүгірді, жүзді, ұшты.

Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді мұғалім оқып, түсіндіреді.
Оқушылар тізбектей оқиды.
Мәтін не туралы?
Мәтінді өздерің ары қарай жалғастырыңдар.
Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой.

Қосымша мәлімет.
Бозторғайдың қанатының ұзындығы 8, 5 - 14 см, салмағы 30 - 48 г. Жердегі шұқырларға ұялап, 2 - 6 тарғыл жұмыртқа салады. Бозторғайлар жыл құсы. Олардың 75түрі бар. Қоректері жәндіктер мен өсімдік дәні. Бір түрі қызыл кітапқа енген. Сайрауық құстар қатарына жатады. Бозторғай тыныштықты төтенше сүйетін құс, ұясына өзгелер жолап кетсе, кейде құт ұясын да, бауыр еті балапанын да тастап өзге жаққа мәңгілік кетеді. Осыған орай қазақта мамыражай жақсы заманды қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман деп айтады.

Сөздік жұмыс.
Саз - су араласып, батпаққа айналған топырақ.
Жасқана қарады - қорқа қарады.
Сергіту сәті.
Ұзын құлақ, сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы - қырлы жерлермен
Ытқып - ытқып жүгірді.
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің,
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің.

Дәптермен жұмыс.
Сөйлемдегі қимылды білдіретін сөздерді тауып жазу.

Тақтамен жұмыс. Суреттердің ұқсастығы неде табу.
Телефон --------↘
Қоңырау---- → шырылдайды.
Сағат ------------↗

Ұшақ -----↘
Шағала --→ ұшады.
Көбелек ---↗

Кеме -------↘
Балық----- → жүзеді.
Аққу -------↗

Ойын: Үндемес . Шарты: мұғалім сөз жазылған карточканы көрсетеді, оқушылар ол сөзге ауызша дыбыстық талдау жасайды, сұрағын анықтайды.

Сабақты қорытындылау.
- Бүгін қандай сөздермен таныстық?
- Сұрақтарын ата?
- Мысал келтір.

Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалап, мадақтау.
Үйге тапсырма


Скачать


zharar.kz