Жобалап оқыту технологиясының тарихы

Скачать

Жоба әдісі бастауыш сынып оқушылар шеберлігі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыру құралы ретінде

Соңғы жылдардың ішінде мектепте жаңа технологияларды кеңінен қолдану орын алып отыр. Қазіргі оқыту үрдісінің мақсаты оқушыны жан - жақты қалыптасқан, бәсекелестікке бейім жеке тұлға тәрбиелеу. Әрине
сабақта әртүрлі жаңа технологиялар және олардың бөлшектері қолданылады. Бірақ оқушыларды білімді игеруде біраз проблемалар туындайды. Солардың ішінде мынадай өзекті мәселелерді атап айтуға болады:
• Оқыту процесінде өздігінен жұмыс орындаулары төменгі деңгейде.
• Берілген тапсырманы дұрыс қабылдамау және оны толық жүйелі түрде орындамау.
• Алынған білімдерін басқа салаларда қолдана алмауы.

Сондықтан қазіргі таңда шығармашыл ұстаздар қауымы жоба әдісін қолданып жүр.
Алдымен жоба әдісі дегеніміз не деген сұраққа жауап беріп көрейін.
Европа тілдерінде жоба сөзі латын тілінен алынып, projectus алдыға лақтырылған деген мағынаны білдіреді, сөйлеуші , көзге түсуші , яғни бір объектінің, бір істің прототипі, прообразы сияқты, осы іс — әрекет жоба жасауға әкеледі. Жоба әдісі оқушылардың бір проблеманы шешуін талап етеді. Ал проблеманы шешу үшін олар бір жағынан әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолданса, екінші жағынан әр түрлі пәндерден алынған білімнің интеграциясын пайдалануы керек.
Демек, жоба әдісі оқушылардың білімділік ситуацияға түсіп, өз проблемаларын іздеп, тауып, шешуі, өзіндік жұмыстарын, іс - әрекетін ұйымдастыруы.
Жобалап оқыту технологиясының тарихы.
Жобалап оқыту технологиясы өткен ғасырдың басында АҚШ - та дүниеге келген. Оны проблемалар әдісі деп те атаған, америка философы әрі педагогы Дж. Дьюи, және оқушысы У. Х. Килпатри ойлап тапты. Дж. Дьюи оқудың белсенді формасын ұсынды. Бұл жерде өмірден алынған проблема қажет, ол бала үшін маңызды әрі таныс болуы керек, оны шешу үшін өз білімін пайдалана алатындай болу керек. Мұғалім ақпарат көздерін қайдан алуға болатынын ғана айтады немесе оқушы ойына өзіндік жұмыс жасау мақсатында бағыт бере отырып, белгілі бір проблемаға қызығушылық тудырып, жобалап оқыту іс - әрекеті арқылы алған білімін пайдаланып, шешім жолдарын ұғындыруға жетелейді. Немесе теориядан практикаға жетуге бағыт жасайды. Жобалап оқыту технологиясы орыс педагогтарының да назарын аударған. Жобалап оқыту идеясы Россияда Америка педагогтарымен параллель келген. Орыс педагогы С. Т. Шацкий 1905 жылы оқу үрдісінде жобалап оқыту технологиясын пайдаланды.


Скачать


zharar.kz