Тақырыбы: Мәлімет типтері. Шамаларды сипаттау (презентациясымен)
Пән: Информатика
Класс: 9
Сабақтың тақырыбы: Мәлімет типтері. Шамалардың сипатталуы
Сабақтың мақсаты:
• Білімділік: Оқушыларға Паскаль программалау тілінде қолданылатын шамалардың сипатталуын, мәлімет типтерін түсіндіру. Программа құра отырып, есептер шығарту
• Дамытушылық: Оқушыларды есеп шығару барысында паскаль тілінің командаларымен, операторларымен таныстырып, компьютерде паскаль тілінің шығарылу жолы өзгеше екенін түсіндіре отырып, бар қабілеттерін дамыту.
• Тәрбиелік: Оқушыларды өздігінен жұмыс істей білуге, мақсаттылыққа, ұқыптылыққа, кішіпейілділікке, есеп шығаруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың көрнекілігі: ДК, слайд, кестелер
Сабақтың барысы:
І кезең - Аттестация
ІІ кезең - Қолдану
ІІІ кезең - Қабылдау
Оқушылармен амандасып, түгендеп, жоқ балаларды журналға түсіремін. Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеріп, тақтаны дайындап, слайдты ашып, оқушылардың назарын сабаққа аударамын.
• Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасын тексеру мақсатында оқушылардан информатикалық тест алынады.
1. Паскаль тілінде қалай жазылады?
1. Бағдарлама тақырыбы
2. Мәліметтерді енгізу
3. Нәтижені шығару
4. Сипаттау бөлімі
5. Бағдарлама басы
6. Бағдарлама соңы
Жауабы:
1. Program
2. Read (Readln)
3. Write (Writeln)
4. Var
5. Begin
6. End
2. Паскаль тілінің программасы неше бөліктен тұрады?
Паскаль тілінің программасы
Жауабы:
3 бөліктен тұрады
3. Var операторының
қызметі қандай?
Жауабы:
Айнымаларды сипаттау
writeln - шығару операторы.
Жаңа сабақ:
Мәлімет типтері. Шамалардың сипатталуы.
Шамаларға қолданылатын стандартты функциялар мен амалдар
Жаңа білім:
• Тип
• Қарапайым, құрылымдық тип.
• Бүтін, нақты, символдық, логикалық, тіркестік тип.
• Шаманы сипаттау. Тұрақты, айнымалы шама.
• Стандартты функциялар: арифметикалық функция; типтерді өзгерту функциясы; реттелген типтегі шамаларға қолданылатын функция;
Амалдар: бүтін типке қолданылатын амалдар; нақты типке қолданылатын амалдар; логикалық типке қолданылатын амалдар; символдық типке қолданылатын амалдар
Мәлімет типтері.
Тип шама қабылдай алатын мәндер жиынын және оларға қолданылатын амал түрлері мен орындалу жолдарын анықтайды.
Яғни тип дегеніміз – шама мәніне берілген сипаттама.
Паскаль тілінде мәліметтердің келесі типтері бар: нақты, бүтін, символдық, логикалық, тіркестік, мәтіндік, жиым, файл, жазба, жиын. Олар екі топқа бөлінеді: қарапайым және құрылымдық.