49 - вариант
БИОЛОГИЯ
1. Ширақ балапан шығаратын құстар отряды:
A) Тауықтәрізділер.
B) Тоқылдақтар.
C) Торғайтәрізділер.
D) Кептерлер.
E) Тотытәрізділер.
2. Тоқ ішектің тұйықталған бөлігіндегі өсінді:
A) Соқырішек.
B) Бүйен.
C) Өт.
D) Тік ішек.
E) Ішек безі.
3. Шаршыгүлділер (орамжапырақгүлдер) тұқымдасында:
A) 8 аталық, 4 аналық
B) 3 аталық, 6 аналық
C) 16 аталық, 11 аналық
D) 6 аталық, 2 аналық
E) 6 аталық, 1 аналық
4. Егер тұқым тіршілігін жойса -
A) Тұқым терең егiлгені.
B) Қоректiк зат жетiспегені.
C) Топырағы тығыз, ауа, су, қоректiк зат жетiспегені.
D) Ауа, су жетiспегені.
E) Топырақ тығыз болғаны.
5. Сабақтың жуандауы мына ұлпаға байланысты:
A) Қор жинаушы.
B) Түзуші.
C) Тірек.
D) Өткізгіш.
E) Фотосинтездеуші.
6. Адамдағы кеуде сүйегіндегі қабырғалар саны:
A) 12 жұп
B) 11 жұп
C) 13 жұп
D) 10 жұп
E) 9 жұп
7. Кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұратын:
A) Көкет.
B) Сіңірлер.
C) Тегіс бұлшықет.
D) Қабырғааралық бұлшықет.
E) Асқазан, көлденең жолақты бұлшықет.
8. Қалпақшалы улы саңырауқұлақ -
A) Майқұлақ.
B) Түлкіжем.
C) Ақ саңырауқұлақ.
D) Жалған түбіртек.
E) Арышқұлақ.
9. Шаянның құрсақ бунағындағы қысқа аяқшалар саны -
A) Бір - бірден.
B) Сегіз - сегізден.
C) Екі - екіден.
D) Үш - үштен.
E) Төрт - төрттен.
10. Аралық ми... реттейді:
A) қозғалысты.
B) ішкі секреция бездерінің жұмысын.
C) ішкі мүшелермен байланысты.
D) бұлшық еттердің жұмысын.
E) сезім мүшелерінің жұмысын.
11. Өсімдіктердің жаңа іріктемелері мен жануарлардың тұқымдарын жасау, жақсарту, ұсақ ағзалардың штаммаларын алу әдістерін зерттейтін ғылым:
A) Эмбриология.
B) Селекция.
C) Генетика.
D) Цитология.
E) Экология.
12. Эритроциттің қызметі:
A) антиденелерді жасауға қатысады
B) бактерияларды залалсыздандырады
C) қанның ұюына қатысады
D) CO2 - мен берік байланысын реттейді
E) оттегін тасымалдайды
13. Тек өсімдіктер жасушасына ғана тән органоид.
A) Лизосома.
B) Гольджи комплексі.
C) Митохондрия.
D) Рибосома.
E) Пластидтер.
14. Тілдің ұшы … сезеді.
A) қышқылды
B) күйдіретін ащыны
C) ащыны
D) тәттіні
E) тұздылықты
15. Организмдердің табиғи ортаға бейімделуі:
A) Экологиялық физиология.
B) Физиология.
C) Медицина.
D) Гигиена.
E) Акклиматизация (жерсіндіру).
16. Пішіні - бірінші, екінші реттік үзбелері біркелкі жұп хромосомалардың аталуы:
A) Аллельді.
B) Гомологты емес.
C) Гомологты.
D) Диплоидты.
E) Гаплоидты.
17. Жалпақ құрттардың арғы тегінде пайда болған аралық қабаттың атауы -
A) энтодерма.
B) екі жақты симметрия.
C) мезодерма.
D) дәнекер ұлпа.
E) эктодерма.
18. Сабақ қалемшесінен өсірілетін өсімдік -
A) Бүлдірген
B) Традесканция
C) Қалуен
D) Бегония
E) Картоп
19. Денесі созылыңқы тұрақты пішінді талшықты жәндік:
A) кәдімгі амеба
B) сәулелі амеба
C) көпаяқты амеба
D) шымыр амеба
E) жасыл эвглена
20. Тірі табиғаттағы ғылыми эволюциялық теорияны жасаған:
A) Т. Шванн.
B) К. Линней.
C) Н. И. Вавилов.
D) Ж. Б. Ламарк.
E) Ч. Дарвин.
21. Ақуыз - биологиялық полимер. Оның мономері:
A) Аминқышқылы
B) Глюкоза
C) Фермент
D) Нуклеин қышқылы
E) Көмірсу
22. 1 гр май ыдырағанда бөлінетін энергия:
A) 32 КДЖ
B) 17, 8 КДЖ
C) 30 КДЖ
D) 26 КДЖ
E) 38, 9 КДЖ
23. Макроэволюция түзетіндер:
A) Популяция.
B) Түраралық.
C) Түрлер.
D) Туыстар.
E) Даралар.
24. Гидраның энтодермасындағы жасушалардың рөлі:
A) Қоректі аулау.
B) Су астында жылжу.
C) Регенерация.
D) Асқорыту, сөл шығару.
E) Жауынан қорғану.
25. Микроскоптың үлкейтетін екі шынысы бар бөлімі:
A) Тубус
B) Окуляр
C) Штатив
D) Объектив
E) Айна
26. Даралар арасында бір - бірімен тығыз байланыста болатын түрлер тізбегі:
A) Биоценоз.
B) Қоректену торы.
C) Қоректік.
D) Экологиялық пирамида.
E) Заттардың айналымы.
27. Темекі түтінінде адам организміне өте қауіптісі -
A) Көмір тотығы.
B) Инертті газ.
C) Алкоголь.
D) Органикалық қышқылдар.
E) Күл.
28. Йод алынатын өсімдік.
A) Бактерия.
B) Саңырауқұлақ.
C) Балдыр
D) Шаңжапырақ (қырықжапырақ).
E) Плаун.
29. Адамдағы атавизм белгілері -
A) Құлақ қалқаны.
B) Қалың түктілігі.
C) Үшінші қабақ.
D) Адам қаңқасындағы құйымшақ.
E) Соқыр ішек өскіні.
30. Көміртегінің топырақта жинақталуы -
A) Көмірқышқыл газы түрінде.
B) Көмір түрінде.
C) Шөгінді массалар түрінде.
D) Органикалық қосылыстар түрінде.
E) Кальций карбонаты түрінде.
20-40 дейін вариант қарау