Формуланы енгізу және көшіру

Скачать

Сабақтың тақырыбы: §8. 3. Формуланы енгізу және көшіру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ұяшыққа формуланы енгізу және көшіруді үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілік: Уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа оқу материалын игерту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс - тәсілдер: Практикум элементтері бар түсіндірмелі - көрнекілікті. Зертханалық жұмыс.
Сабақта қолданылатынкөрнекі құралдар: ДК, Microsoft Office EXCEL бағдарламасы, деңгейлік тапсырмалар, оқулық, жұмыс дәптері.


Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
ә) сабақтың мақсаты мен шартын жариялау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (қорытындысын айту)
ІІІ. Жаңа тақырып.
ІV. Практикалық жұмыс.
V. Сабақты бекіту
VI. Сабақты қорытындылау
VII. Үйге тапсырма
ҮІІI. Бағалау.

Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Көңіл - күйлеріңіз қалай? Отырыңыздар!
Бүгін біз Microsoft Office EXCEL кестелік процессорында қарапайым есептеулер жүргізу, формула құруды үйренумен танысамыз.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Үй тапсырмасына Activote тестілеу құрылғысын пайдаланып, өтілген тақырып бойынша тест алу. (Activstudio - ның телеграфтық лента элементі қосылған)
1 – сурет
Тест нәтижесі флипчарт артында жасырылған, үстінде терілген тест сұрақтары көрінеді, тышқанның көмегімен тартып оқушыларға көрсету. (Activstudio - ның фонына жасыру эл. бар)
2 - сурет.

ІІІ. Жаңа сабақ. 3 - сурет. (Тақтада аналогтық сағат)
Excel - де кез келген формуланы жазу үшін “=” белгісінен басталып жазылады. Электронды кестеде қосу (СУММ) функциясы жиі қолданылады, сондықтан Стандартты аспаптар тақтасында  белгісінін басса жеткілікті. Мысалы, =В3+С3+D3 ұзын формуланың орнына Е3 ұяшығына =СУММ (В3: D3) формуласын енгізуге болады. Жалпы қосындыны білу үшін қосылатын ұяшықтардың аумағын (мысалы, В4: D4) белгілеп, Автоқосынды (Автосумма)  батырмасын шерту керек. Қорытылып шығатын формулаларды енгізу үшін Функция шебері (Мастер функции) диалогтік терезесін қолдануға болады. Ол функцияны енгізіп қана қоймай, күрделі есептеулерді орындайды. Мысалы, =СУММ (А5: А9) жазуы А5, А6, А7, А8, А9 ұяшықтарының қосындысы; =СРЗНАЧ (G4: G6) жазуы G4, G5, G6 ұяшықтарының орташа арифметикалық мәні.

4 - сурет
5 – сурет. 5 – сурет (Фондары фотошопта
көркемделіп жасалған)
Әр қанат белгіні шерткенде
формуланы көшірудің
әдістері шығады (8 суретте)

9 сурет. (Әр суреттің астында
сілтеме, сиқырлы өшіргіш қосылып тұр).
Салыстырмалы және абсолютті сілтемелер. Формулада қолданылатын салыстырмалы сілтемелер формулаларды ұяшықтан ұяшыққа көшіргенде бірден өзгереді. Мысалы, А3 ұяшығындағы =А1+А2 формуласын В3 ұяшығына көшіру барысында формула =В1+В2 - ге өзгереді.
10 – сурет.

Абсолют сілтеме ұяшық мекенжайын белгілеу үшін қолданылады.
Формуланы көшіргенде абсолют сілтемелер өзгермейді. Абсолют сілтемелерді көрсету үшін $ белгісі пайдаланылады, мысалы, $A$1, $C$3. Кейде формуланы ауыстырғанда немесе көшіргенде тек жол нөмірі мен қатардың атын сақтау қажет. Бұндай жағдайда аралас сілтемелер қызмет етеді. Мысалы, $А1 (көшіру кезінде қатар аты А өзгермейді) немесе С$3 (көшіру кезінде жол нөмірі 3 өзгермейді).
IV. Практикалық жұмыс:
Циркте әртүрлі бағамен билет сатып алуға болады: арена айналасындағы орын 668 тг тұрады; алдыңғы қатар – 535 тг; артқы қатар – 397тг. Кестеде аптаның алты күндерінде көрсетілген орындарға билеттер санының сатылуы көрсетілген. Түскен ақшаның жалпы сомасын және аптаның әр алты күнде билет сатылымынан түскен соманы есептеңіз. 11 сурет. Лупа
Практикалық тапсырмадан кейін балаларды кішкене компьютерден тұрғызып,
қимыл - қозғалыс тапсырмаларын орындату.
12 сурет. (Сандық сыйлықтары, Ескерту
белгісі, Перо)

V. Сабақты бекіту
13 – сурет.
ТІГІНЕН ҚОЗҒАЛЫС
(ВЕРТИКАЛЬНЫЙ ДВИЖЕНИЕ)
Кнопкалар, перо элементтері қосылған.
14 – сурет. Сабаққа оқушылар өз пікірін перомен инт. тақтаға атын жазып жалпы ұпай санын (төменгі, жоғары) батырмаларды басу арқылы анықтаймын.

VI. Сабақты қорытындылау: Айша Бердешқызының сөзімен...
ҮІІ. Үйге тапсырма: §8. 3. тапсырма: ЭК - де несие алып қайтару кестесін құрып
келіңіздер.
Келесі кездескенше күн нұрлы болсын! Сау болыңыздар!
ҮІІІ. Бағалау. Электрондық журнал


Скачать


zharar.kz